Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: зардап шеккендердің бірі көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен қызметкер алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды.
"Біздің әріптесіміз, пеш бастығы Исмайлов Музафар Имантайұлы ауруханада қайтыс болды. Біз Музафардың отбасы мен оның жақындарына осынау қиын сәтте қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің осы қиын кезеңнен өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - делінген YDD Corporation компаниясы таратқан ақпаратта.
Көз жұмған 30 жастағы Мұзафар Исмайловтың денесін 85% күйік шалған.
"YDD Corporation жерлеуді ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады және отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оның отбасының барлық несиелері жабылады, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек жасалады. Сонымен қатар компания отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде қаржылық көмек төлейді", - делінген хабарламада.

Компани сондай-ақ барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырады.
Еске салсақ, Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болды. Пештен өрт шығып, салдарынан 8 адам жарақат алды. Кейін зардап шеккен 8 адамның алтауы жансақтау бөліміне түскені белгілі болды.
Жаңалықтар
0