Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германия Украина қарулы күштерінің сәтсіздігі туралы айта бастады

© Photo : Сайт Минобороны РФСаперы группировки войск "Запад" уничтожили мины ВСУ на Купянском направлении
Саперы группировки войск Запад уничтожили мины ВСУ на Купянском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Неміс журналисі Джулиан Рёпке Bild басылымына берген репортажында Украина армиясы позицияларын тез тастап, белсенді түрде шегінуге кіріскенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Жалпы, Украина үшін өте қауіпті жағдай қалыптасты, ол жерін тезірек жоғалтып жатқаны анық", - деді ол.
Журналист ресейлік әскерилердің әуе бомбаларын тиімді пайдаланғанын да атап өтті. Оның айтуынша, Украина қарулы күштері қарудың бұл түріне қарсы дәрменсіз.
Жексенбі күні Қорғаныс министрлігі Ресей Қарулы Күштері ЛПР-дағы Розовка және Харьков облысындағы Пещаное Нижне елді мекендерін азат еткенін хабарлады. Сонымен қатар, олар Украина Қарулы Күштері үшін 400 тоннаға дейін оқ-дәрі сақталған қойманы қиратып, Украинаның әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорнының цехтарына соққы берді. Бұл ретте әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Ми-8 әскери тікұшағын және жаудың 40 ұшқышсыз ұшағын атып түсірді.
Жаңалықтар
0