ЕАЭО аясында кедендік ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 шілде - Sputnik. Қазақстан қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі Эльдар Алишеровпен кездесті, деп хабарлайды қаржы министрлігі.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды транзиттеу кезінде туындап жатқан мәселелерді, Одақ аумағында навигациялық пломбаларды қолдану мәселесін, Одақ аясында туындап жатқан кедергілер мен тосқауылдарды жою үшін жасалып жатқан жұмыстар барысын қарастырды.
Ержан Біржанов одақ шеңберінде қабылданып жатқан нормативтік құқықтық актілердің орындалу барысы туралы хабарлады.
Жаңалықтар
0