https://sputnik.kz/20240723/atyrauda-aqqular-qyrylyp-zhatyr-45838253.html
Атырауда аққулар қырылып жатыр
Атырауда аққулар қырылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін жинаған 23.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-23T20:14+0500
2024-07-23T20:14+0500
2024-07-23T20:14+0500
атырау
құс
https://sputnik.kz/img/89/90/899015_0:171:3031:1876_1920x0_80_0_0_263e2115969f3c6d65b1677c124e594d.jpg
АЛМАТЫ, 23 шілде - Sputnik. Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр. Көпшілігі – аққулар. Айналасы екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін жинаған, деп хабарлайды Almaty.tv.Қырылып жатқан құстар арасында сирек кездесетіндері де бар. Оқиға қаладағы "Сасық сай" булану алаңында болған. Қазір арнайы құрылған комиссия қанаттылардың қырылуына қатысты мән-жайды анықтауға кірісті.Мамандар өлекселерді жинап жатыр. Су айдынынан табылғандардың ішінде аққулар да бар.Айта кетейік, бұрын Атырауда мұндай жағдай болмаған. Тіпті су құрамынан зиянды қалдық та анықталмаған."Судың құрамында мұнайдың көрсеткіші 1,8 миллиграм болуы керек. Ал біздерде 0,4-0,3 мг көрсетіп тұр, су таза", – деді "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Нұрлан Ещанов.Әзірге құстардың жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Олардан тиісті сынамалар алынды. Бұған дейін Махамбет ауданына қарасты каналда да өлі балықтар табылған. Өлекселер тіпті 80 келіге жеткен. Осының бәрінен қауіптенген жергілікті билік арнаға құятын судың көлемін арттырмақ."Неге көлемін үлкейтіп жатырмыз? Су көбейсе, ағыс күшейеді. Ағыс күшейгенде балыққа оттегі пайда болады. Балықтың бәрі Жайық өзеніне жіберіледі", – деді "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсин.Айта кетері, өңірдегі апатты жағдайдың алдын алу үшін жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Соңғы 2 айда 49 миллион қарабалық шабағы құтқарылған.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/89/90/899015_150:0:2881:2048_1920x0_80_0_0_32f77302c5f4b24578ef2435d5958cb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, құс
Атырауда аққулар қырылып жатыр
Екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін жинаған
АЛМАТЫ, 23 шілде - Sputnik. Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр. Көпшілігі – аққулар. Айналасы екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін жинаған, деп хабарлайды
Almaty.tv.
Қырылып жатқан құстар арасында сирек кездесетіндері де бар. Оқиға қаладағы "Сасық сай" булану алаңында болған. Қазір арнайы құрылған комиссия қанаттылардың қырылуына қатысты мән-жайды анықтауға кірісті.
"Кеше санағанымда 55 дана өлексе, оның жетеуі аққу болды. Жүрген жолымызды қарап келе жатырмыз, көрінбейді, алып кеткен сияқты", – деді облыстық орман шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Мереке Шалқаров.
Мамандар өлекселерді жинап жатыр. Су айдынынан табылғандардың ішінде аққулар да бар.
Айта кетейік, бұрын Атырауда мұндай жағдай болмаған. Тіпті су құрамынан зиянды қалдық та анықталмаған.
"Судың құрамында мұнайдың көрсеткіші 1,8 миллиграм болуы керек. Ал біздерде 0,4-0,3 мг көрсетіп тұр, су таза", – деді "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Нұрлан Ещанов.
Әзірге құстардың жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Олардан тиісті сынамалар алынды. Бұған дейін Махамбет ауданына қарасты каналда да өлі балықтар табылған. Өлекселер тіпті 80 келіге жеткен. Осының бәрінен қауіптенген жергілікті билік арнаға құятын судың көлемін арттырмақ.
"Неге көлемін үлкейтіп жатырмыз? Су көбейсе, ағыс күшейеді. Ағыс күшейгенде балыққа оттегі пайда болады. Балықтың бәрі Жайық өзеніне жіберіледі", – деді "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсин.
Айта кетері, өңірдегі апатты жағдайдың алдын алу үшін жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Соңғы 2 айда 49 миллион қарабалық шабағы құтқарылған.