Алматыда күн панельдерін шығаратын зауыт ашылады

© PhotoКазахстан и Германия укрепляют сотрудничество в области энергоэффективности
Казахстан и Германия укрепляют сотрудничество в области энергоэффективности - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
Кәсіпорын осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланған
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Алматыда күн панельдерін шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Зауыт "Алатау" инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында салынады. Онда зауыт құрылысына шикізат жеткізу және дайын өнімді тиеп-жөнелтуге ыңғайлы болу үшін ауданы 2 гектардан астам жер учаскесі бөлінді.
Ауданы шамамен 2,5 мың шаршы метр болатын кәсіпорын жыл сайын 250 000 күн модулін шығарады. Бір модульдің қуаты 585 Вт-тан басталады.
Кәсіпорын осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланған.
Зауттың жылдық қуаты – 150 МВт.
Зауыт заманауи жабдықтармен, соның ішінде күн панельдерін құрастыруға арналған автоматты желілермен, лазерлік плазмалық кескіштермен және автоматты дәнекерлеу машиналарымен жабдықталады.
100-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады.
Жобаның құны 2,1 млрд теңгеден асады.
Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергетиканы дамыту және елдегі күн панельдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру.
Жаңалықтар
0