https://sputnik.kz/20240722/zhapon-sarapshylary-qazaqstannyn-gidrotekhnikalyq-qurylystaryn-tekseredi-45817876.html
Жапон сарапшылары Қазақстанның гидротехникалық құрылыстарын тексереді
Жапон сарапшылары Қазақстанның гидротехникалық құрылыстарын тексереді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның бөгеттері сараптамадан өтеді 22.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-22T19:00+0500
2024-07-22T19:00+0500
2024-07-22T19:00+0500
су
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15503439_0:70:3201:1870_1920x0_80_0_0_a2ceaa596d3de55b3beb75d624feac68.jpg
АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Екі айға жуық уақытқа созылған су тасқыны кезінде қазақстандық гидроқұрылыстар үлкен сынақты бастан өткерді. Олар сынақтан өткенімен, мұқият тексеру жүргізу қажет, деп хабарлады Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі.Қазақстанның төрт облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексеру үшін жапон сарапшылары шақырылды. Олар қазірдің өзінде Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Абай облыстарында визуалды тексеруді аяқтады.Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесу барысында аталған ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Сондай-ақ, тараптар су тасқынымен тиімді күресу үшін гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру мен цифрландыру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, су жіберу деңгейі мен көлемін анықтау үшін есептегіш қондырғыларды орнату жөнінде сөйлесті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15503439_306:0:2893:1940_1920x0_80_0_0_5f8439265bb49c114130d336c473fd44.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су
Жапон сарапшылары Қазақстанның гидротехникалық құрылыстарын тексереді
Қазақстанның бөгеттері сараптамадан өтеді
АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Екі айға жуық уақытқа созылған су тасқыны кезінде қазақстандық гидроқұрылыстар үлкен сынақты бастан өткерді. Олар сынақтан өткенімен, мұқият тексеру жүргізу қажет, деп хабарлады Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстанның төрт облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексеру үшін жапон сарапшылары шақырылды. Олар қазірдің өзінде Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Абай облыстарында визуалды тексеруді аяқтады.
"Су тасқыны кезінде біздің гидротехникалық құрылыстарымыз қандай да бір апаттарды болдырмай, үлкен көлемдегі судың өтуіне төтеп берді. Біз олардың жай-күйін мұқият зерделеп, ықтимал осалдықтарды анықтап, оларды жою жөнінде алдын ала шаралар қабылдауымыз керек", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесу барысында аталған ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, тараптар су тасқынымен тиімді күресу үшін гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру мен цифрландыру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, су жіберу деңгейі мен көлемін анықтау үшін есептегіш қондырғыларды орнату жөнінде сөйлесті.