Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2024
Жазылу
Реформатор Масуд Пезешкиан Ирандағы президент сайлауының екінші турында жеңіске жетті
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында екі ел басшысы қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.
Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Айта кетері, реформатор Масуд Пезешкиан Ирандағы президент сайлауының екінші турында жеңіске жетті.
Масуд Пезешкиан - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2024
Әлем
Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкиан болды
Жаңалықтар
0