Су тасқыны: Үй салуға тартылған құрылысшылар саны 30%-ға артты

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиНовые построенные дома в Арыси
Новые построенные дома в Арыси - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2024
Жазылу
Бектенов тасқыннан зардап шеккендерге салынып жатқан құрылыстардың сапасына ерекше назар аударды
АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен шалғайда орналасқан Қаратөбе ауданы Қоржын ауылына барды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Мұнда қираған үйлердің орнына бір пәтерлі 90 тұрғын үй салынып жатыр. Іргетас құрылысы бойынша жұмыс толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда 34 үйдің қабырғасы тұрғызылып, 56 үйдің төбесі жабылып жатыр. Нысандардың жалпы дайындығы 50%-ға жетеді.
Бұған дейін премьер-министрдің тапсырмасы бойынша учаскеде жұмыс істейтіндердің саны 30%-ға артқан болатын. Қазіргі уақытта нысандарда 288 адам жұмыс істейді. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.
Бектенов салынып жатқан құрылыстардың сапасына ерекше назар аударды.
Қоржын ауылында 6 мердігер ұйым жұмыс істейді. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормаларының талаптары бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары жауапқа тартылатыны атап өтілді.
Жобаға сәйкес үйлердегі таспалы іргетас қалыңдығы – 400 мм. Іргетастың түбінен биіктігі 1500 мм болады. Қабырғаларды тұрғызуға қапталған силикатты қызыл кірпіш, керамзитті блок, минерал мақта плитасы қолданылуда. Сондай-ақ жобада инженерлік желілерді жүргізу көзделген.
Үкімет басшысы құрылыс-жөндеу жұмысы барысында отандық өндіріс материалдарын пайдаланудың маңызын атап өтті.
Әлеуметтік инфрақұрылымға келсек: ауылда қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 400 орынға арналған мектеп бар. Сонымен қатар жаңа үйлердің тұрғындары үшін балалар алаңы салынады.
"Жұмыста кемшіліктер болмауы керек. Тұрғын үйлерді барлық инженерлік желілерге бірден қосу қажет. Бұл ретте жол инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарды тезірек қалпына келтіруді қамтамасыз ету маңызды. Ауруханалар, мектептер мен балабақшалар сапа мен техникалық жарақтандырудың заманауи талаптарын ескере отырып салынуы керек", — деп атап өтті Бектенов.
Жауапты министрліктер мен әкімдікке бірқатар тапсырма берілді.
Айта кетері, Батыс Қазақстан облысында 775 үйдің құрылысы басталды, 2 248-і қайталама нарықтан сатып алынады, 1 383 нысан жөнделеді. Үйлер мен саяжайларды жөндеу жұмыстары 82,3%-ға аяқталды. Үй салу үшін 59 мердігер ұйым анықталды. Орал қаласында 374 нысан және ауылдық жерлерде тағы 401 үй салынып жатыр. Жалпы дайындық 66% құрайды.
Су тасқынынан 12 әлеуметтік мекеме, 53 көлік инфрақұрылымы объектісі, 43 гидротехникалық құрылым зардап шекті. Барлығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік комиссия су тасқынынан зардап шеккендерге төлемдер беру жұмысын аяқтады. Мәселен, 9 994 отбасы 100 АЕК көлемінде өтемақы алды (3,7 млрд теңге), 10 222 өтініш берушіге 150 АЕК-ке дейін (3,7 млрд теңге) берілді, суға кеткен мал үшін 151 млн теңге дейін төленді. Бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары 35%-ға орындалды.
Строящиеся в Западном Казахстане дома для пострадавших от паводков - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2024
Бектенов тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арнап салынған үйлерді тексерді
Жаңалықтар
0