Шымкентте ауызашар беріп, үгіт жүргізген экстремистік топ мүшелері ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен экстремистік топты анықтады, деп хабарлайды бас прокуратура.
22 адамнан тұратын "Хизб-ут-Тахрир" радикал-экстремистік ұйымы құрықталды.
"Биыл "Рамазан" айында "ауызашар" өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды. Тінту барысында Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді", - дейді ведомство.
Олардың үстінен екі бап бойынша Қылмыстық кодекстің 256-бабынының 1-бөлігі "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" және Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-бөлігімен "Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру" тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0