Бектенов Ақтөбе облысындағы тасқыннан зардап шеккен ауылдарды аралады

© Фото: пресс-служба правительства КазахстанаГлава правительства Казахстана проверил качество возводимого в ЗКО жилья
Глава правительства Казахстана проверил качество возводимого в ЗКО жилья - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2024
Жазылу
Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан 4087 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шекті
АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен Темір және Ойыл аудандарының тұрғындары үшін салынып жатқан жаңа үйлер құрылысының қарқынымен танысты.
Бектенов Ойыл ауданы Қаратал ауылында салынып жатқан үйлерді аралап көрді, бұған дейін олардың жоспардан 15-25 күнге кешігуі туралы мәселе көтерілген болатын.
Елді мекенде су тасқыны салдарынан 210 ғимарат зақымданды, оларды тексеру жұмыстары толығымен аяқталды. Ауыл тұрғындары үшін қайталама нарықтан 60 үй сатып алынды. Жөндеуге жататын 18 нысан бойынша тиісті төлемдер жүргізілді. Ауылда тұруға жарамсыз деп танылған үйлердің орнына 132 тұрғын үй салынып жатыр.
Қазіргі таңда 132 үйдің барлығының іргетасы құйылып, 120 үйде қабырға қалау жұмыстары аяқталды, 65 үйдің шатыры жабылды, ал 30 үйдің ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бектенов құрылыс алаңдарына қосымша күш пен арнайы техника тартуды тапсырды.
Премьер-министр Темір ауданы Құмсай ауылындағы құрылыс барысын тексерді. Су тасқыны салдарынан мұнда 46 тұрғын үй зақымданды. Ауыл тұрғындары арнайы сатып алынған 18 үйге қоныстанды, 7 үй жөндеуден өтті. 21 жаңа үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта қабырға қалау жұмыстары толығымен аяқталды. 19 жаңа ғимараттың төбесі жабылса, оның 6-ында ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
"Инфрақұрылым мен тұрғын үйлер су тасқынынан қатты зардап шекті. Президент жолдар мен әлеуметтік нысандарды реконструкциялауды, үйлерді қалпына келтіруді және жаңадан салуды тапсырды. Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Бұл үшін әкімдіктерге Үкімет пен салалық министрліктерден толық қолдау көрсетіледі", — деп атап өтті Бектенов.
Үкімет басшысы облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне жеке тоқталды. Мәселен, 206 құрылымның 15-і қираған.
Гидроқұрылыстар бойынша барлық процестерді жеделдету, сондай-ақ 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қауіптің алдын алу туралы тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар өңірде 58 көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұзылған жолдарды жөндеу және реконструкциялау үшін үкімет резервінен 10,2 млрд теңге, облыстық резервтен 6,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде.
Барлығы 100 су өткізгіш құбырды, 23 көпірді, 47,2 км жолды салу және жөндеу жоспарда бар.
Үкіметтің мәліметінше, Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан 4087 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шекті. Оның 3004-ін жөндеуге және қалпына келтіруге иелеріне жалпы сомасы шамамен 9 млрд теңгеге өтемақы төленді. 441 отбасы қираған баспанасының орнына үй мен пәтер алды. Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктер үшін 503 үй сатып алынады. Сонымен қатар 55 мердігер компания 511 үйдің құрылысын жүргізуде, жұмыс 86%-ға аяқталды.
4 496 отбасы жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алды. 3 861 отбасына 1,3 млрд теңгеге (150 АЕК дейін) өтемақы төленді. Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,098 млрд теңгені құрады. Бүлінген 18 әлеуметтік нысанды қалпына келтіруге шамамен 8 млрд теңге бөлінді.
Жаңалықтар
0