Скляр Солтүстік Қазақстандағы жылыту маусымына дайындық жұмысын тексерді

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіРоман Скляр СҚО-да жылыту кезеңіне дайындық жұмысын тексерді
Роман Скляр СҚО-да жылыту кезеңіне дайындық жұмысын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2024
Жазылу
Биыл Петропавл ЖЭО-2-де инвестициялық және жөндеу науқандары шеңберінде 17,6 млрд теңгеге жұмыс атқару жоспарлануда
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Петропавл ЖЭО-2 жабдығының 57,3%-ға, Солтүстік Қазақстан ЭТК – 96,6%-ға, жылу желілерінің 77,5%-ға тозуын ескере отырып, өңірде жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Биыл Петропавл ЖЭО-2-де инвестициялық және жөндеу науқандар(ы шеңберінде 17,6 млрд теңгеге жұмыс атқару жоспарлануда. 2027 жылға дейін 739 км әуе желілері мен 240 қосалқы станса салу үшін жыл сайын 4 млрд теңгеден бюджет қаражатын бөлу жоспарланған. Жалпы, жөндеу және жаңғырту жұмыстарына акционерлердің қаражатынан 17,6 млрд теңге бағытталды.
Роман Скляр жылыту маусымының бөгеліссіз өтуі үшін жұмыстың сапасын әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
"Петропавлда премьер-министрдің бірінші орынбасары 600 оқушыға арналған жайлы мектептің құрылысын тексерді. Кәріз, су, электр және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде", - деп жазылған хабарлама.
Жұмыс сапарының аясында Роман Скляр жаңа "Бірлік" ықшам ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы барысын тексерді.
Бүгінгі таңда 200 тұрғын үй пайдалануға берілді. Склярға 1 қазанға дейін 700 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланғаны баяндалды. Жұмыс Kaspi, Kazakhmys және KAZMinerals Management компанияларының қаражатына жүргізілуде.
Роман Скляр сонымен қатар Петропавл қаласының су тасқынынан зардап шеккен Ойқала және Былғары шағын аудандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмысын тексерді.
Қазіргі уақытта өңірде 70 механикаландырылған бригада жұмылдырылған. 1 мыңнан астам үй жөнделуде, оның ішінде 250 үй – механикаландырылған бригадалардың күшімен қалыпқа келтіріледі, 890 апаттық құрылыс құлатылды.
Құрылыс маусымының қысқа екенін ескере отырып, бірінші вице-премьер барлық қалпына келтіру жұмысын жеделдетуді әрі олардың сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтар
0