https://sputnik.kz/20240721/qaragandy-zauytyndagy-apat-man-zhaydy-anyqtau-ushin-arnayy-komissiya-quryldy-45805939.html
Қарағанды зауытындағы төтенше жағдай: мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Қарағанды зауытындағы төтенше жағдай: мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдайға қатысты "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау... 21.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-21T18:54+0500
2024-07-21T18:54+0500
2024-07-21T18:58+0500
қарағанды
https://sputnik.kz/img/old/1060/99/10609968_0:161:3069:1887_1920x0_80_0_0_54b5bde7f7fa1d99a20fd2b4974f8098.jpg
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдайға қатысты "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық әкімдік.Ведомствоның хабарлауынша, оқиға тікелей облыс әкімінің бақылауында."8 адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді", - деп хабарлады әкімдік.Оқиға орны тексеріліп, куәгерлерге сауалнама жүргізілген."Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді облыстық әкімдік.Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті.Дәрігерлер 6 адамның жағдайы әлі де ауыр екенін айтты.
https://sputnik.kz/20240721/qaragandy-zauytynda-zardap-shekken-6-adamnyn-zhagdayy-auyr--45804468.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1060/99/10609968_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_32f9a3eb13b736386f28b3947ef08c4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды
Қарағанды зауытындағы төтенше жағдай: мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
18:54 21.07.2024 (жаңартылды: 18:58 21.07.2024) АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдайға қатысты "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға тікелей облыс әкімінің бақылауында.
"8 адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді", - деп хабарлады әкімдік.
Оқиға орны тексеріліп, куәгерлерге сауалнама жүргізілген.
"Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді облыстық әкімдік.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті.
Дәрігерлер 6 адамның жағдайы әлі де ауыр екенін айтты.