https://sputnik.kz/20240721/alayaqtar-almaty-akiminin-atynan-whatsapp-qa-khabarlama-zhiberip-zhatyr--45805115.html
Алаяқтар Алматы әкімінің атынан WhatsApp-қа хабарлама жіберіп жатыр
Алаяқтар Алматы әкімінің атынан WhatsApp-қа хабарлама жіберіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Қаражат жіберуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтуге болмайды 21.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-21T17:55+0500
2024-07-21T17:55+0500
2024-07-21T17:56+0500
алаяқ
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35013897_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_52e733cab4932f64c05cf7dd0af469c9.jpg
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Алматы әкімдігі қала әкімшілігі басшысының атынан WhatsApp-қа жалған хабарлама жіберіліп жатқанын ескертеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.Әкімдік ақша аударуға және күмәнді сілтемелер бойынша өтуге болмайтынын ескертті. Бұл әрекеттерді интернет-алаяқтар жасайды.Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарды алаяқтық фактілері туралы ескерткен болатын, белгісіз адамдар агенттік қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңырау шалады.Ведомство алаяқтардың адамдарды алдау әрекеттерінің бірі туралы тіпті видео да жариялады."Қағазды, қаламды алыңыз, қажетті әрекеттерді жазыңыз. Сіздің жеке деректеріңіз қылмыстық іс жүргізуден өтеді", - деп хабарлайды телефон арқылы бейтаныс адам.Қазақстандыққа оның "дербес деректері" арқылы қаражат аударымдары жүргізілгені айтылады. Кейбір "адал емес ұйымдарға" бюджет қаражатын аудару бойынша қылмыстық іс ашылды деп алдайды."Сіздің тікелей басшыңыздың оған қатысы бар екендігі туралы жедел деректер бар. Қылмыстық іс қозғаушы болмау үшін сіздің қатыспағаныңыз туралы дәлелдер базасын жинау керек", - дейді алаяқ телефон шалған "құрбанына".Ол сондай-ақ өзін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі" ретінде таныстырады және басқарманың мекенжайын атайды.Антикор жалған ақпараттық бюллетеньге сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ ақша аудармауды ескертеді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35013897_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_f26479c50cf893d5cab32ed4dde8820d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алматы
Алаяқтар Алматы әкімінің атынан WhatsApp-қа хабарлама жіберіп жатыр
17:55 21.07.2024 (жаңартылды: 17:56 21.07.2024) Қаражат жіберуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтуге болмайды
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Алматы әкімдігі қала әкімшілігі басшысының атынан WhatsApp-қа жалған хабарлама жіберіліп жатқанын ескертеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.
"WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат таратылуына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан мұндай хабарламаларға жауап бермеуіңізді және жалған мәліметке сенбеуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Әкімдік ақша аударуға және күмәнді сілтемелер бойынша өтуге болмайтынын ескертті. Бұл әрекеттерді интернет-алаяқтар жасайды.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарды алаяқтық фактілері туралы ескерткен болатын, белгісіз адамдар агенттік қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңырау шалады.
Ведомство алаяқтардың адамдарды алдау әрекеттерінің бірі туралы тіпті видео да жариялады.
"Қағазды, қаламды алыңыз, қажетті әрекеттерді жазыңыз. Сіздің жеке деректеріңіз қылмыстық іс жүргізуден өтеді", - деп хабарлайды телефон арқылы бейтаныс адам.
Қазақстандыққа оның "дербес деректері" арқылы қаражат аударымдары жүргізілгені айтылады. Кейбір "адал емес ұйымдарға" бюджет қаражатын аудару бойынша қылмыстық іс ашылды деп алдайды.
"Сіздің тікелей басшыңыздың оған қатысы бар екендігі туралы жедел деректер бар. Қылмыстық іс қозғаушы болмау үшін сіздің қатыспағаныңыз туралы дәлелдер базасын жинау керек", - дейді алаяқ телефон шалған "құрбанына".
Ол сондай-ақ өзін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі" ретінде таныстырады және басқарманың мекенжайын атайды.
Антикор жалған ақпараттық бюллетеньге сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ ақша аудармауды ескертеді.