https://sputnik.kz/20240720/elimizde-qazaq-tuqym-konsortsiumy-quryldy-45794143.html
Елімізде "Qazaq Tuqym" консорциумы құрылды
Елімізде "Qazaq Tuqym" консорциумы құрылды
Sputnik Қазақстан
2030 жылға дейін отандық тұқымды қолдану 80%-ға жетуі мүмкін 20.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-20T09:27+0500
2024-07-20T09:27+0500
2024-07-20T09:36+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/old/855/20/8552052_0:534:1962:1638_1920x0_80_0_0_8a815606c9f46d3c0b6cf013d7fc845d.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы трансформациялау аясында "Qazaq Tuqym" ғылыми-өндірістік консорциумы құрылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі."Qazaq Tuqym" ғылыми-өндірістік селекциялық-тұқым өсіру консорциумы фермерлерді жоғары сапалы отандық тұқымдар мен сорттармен қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның өсімдік шаруашылығына жаңа серпіліс әкелмек.Консорциум құрамына елдің солтүстік өңірлерінде орналасқан ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес 12 ұйым кірді."Qazaq Tuqym" консорциумын құру арқылы алдағы уақытта ғалымдар, тұқым өсірушілер мен селлекционерлер арасында серіктестік нығая түспек. Соның арқасында ғалымдардан ауыл шаруашылығы саласына ұсынылатын отандық өнімнің сапасы жақсарады. Консорциум аясында демонстрациялық полигондар құрып, фермерлерге жаңа сорттардың мүмкіндігін көрсету жоспарланып отыр. Осылайша элиталық тұқымдардың көлемі ұлғаймақ. Ғалымдардың айтуынша, осындай ауқымды жұмыстардың арқасында 2030 жылға дейін шетелдік импорттан мүмкіндігінше арылып, отандық тұқымды қолдану 80%-ға жетуі мүмкін.Алдағы уақытта "Qazaq Tuqym" консорциумы арқылы еліміздің тұқым өсіру саласында жүйелі жұмыс орнатып, отандық өндірушілерге қолдау көрсету көзделеді. Осының арқасында азық-түлік қауіпсіздігі нығая түспек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/855/20/8552052_0:350:1962:1822_1920x0_80_0_0_e65814db0aea21fd27cd0d3d06131b5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
Елімізде "Qazaq Tuqym" консорциумы құрылды
09:27 20.07.2024 (жаңартылды: 09:36 20.07.2024) 2030 жылға дейін отандық тұқымды қолдану 80%-ға жетуі мүмкін
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы трансформациялау аясында "Qazaq Tuqym" ғылыми-өндірістік консорциумы құрылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Qazaq Tuqym" ғылыми-өндірістік селекциялық-тұқым өсіру консорциумы фермерлерді жоғары сапалы отандық тұқымдар мен сорттармен қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның өсімдік шаруашылығына жаңа серпіліс әкелмек.
Консорциум құрамына елдің солтүстік өңірлерінде орналасқан ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес 12 ұйым кірді.
"Qazaq Tuqym" консорциумын құру арқылы алдағы уақытта ғалымдар, тұқым өсірушілер мен селлекционерлер арасында серіктестік нығая түспек. Соның арқасында ғалымдардан ауыл шаруашылығы саласына ұсынылатын отандық өнімнің сапасы жақсарады. Консорциум аясында демонстрациялық полигондар құрып, фермерлерге жаңа сорттардың мүмкіндігін көрсету жоспарланып отыр. Осылайша элиталық тұқымдардың көлемі ұлғаймақ. Ғалымдардың айтуынша, осындай ауқымды жұмыстардың арқасында 2030 жылға дейін шетелдік импорттан мүмкіндігінше арылып, отандық тұқымды қолдану 80%-ға жетуі мүмкін.
Алдағы уақытта "Qazaq Tuqym" консорциумы арқылы еліміздің тұқым өсіру саласында жүйелі жұмыс орнатып, отандық өндірушілерге қолдау көрсету көзделеді. Осының арқасында азық-түлік қауіпсіздігі нығая түспек.