Әзербайжанда білім алуға гранттар бөлінді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев прибыл в Баку с визитом
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Баку с визитом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 шілде - Sputnik. Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде білім гранттары бөлінді, деп хабарлайды ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
Әзербайжан үкіметі Қазақстан азаматтарына 2024–2025 оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 орын және магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын, барлығы 10 оқу грантын ұсынады.
"Оқу әзербайжан немесе ағылшын тілдерінде болады. Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады", - деп жазды ведомство.
Ағылшын тілінде білім алу үшін кемінде "Бакалавриат" бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.0; TOEFL 120-дан 40 және "Магистратура" бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.5 TOEFL 120-дан 50 деңгейі бар жарамды сертификат болуы қажет.
"Үміткерлер өз қалауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады. Грант арқылы білім алушылар тегін оқиды, ай сайын стипендия алады және медициналық сақтандыруы болады. Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын грант иесі өзі өтейді", - дейді министрлік.
Өтініштер "Электрондық үкімет" порталы – eGov.kz арқылы онлайн режимінде немесе сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейін Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде қабылданады. Өтініш қабылдау кезеңі 19 шілдеден 29 шілдеге дейінгі аралықта болады. Сондай-ақ қажетті құжаттар туралы, қосымша ақпарат, құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен, университеттердің тізімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.
Жаңалықтар
0