"Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін дамыту бойынша жол картасына қол қойылды

© Photo : Көлік министрлігі"Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін дамыту бойынша жол картасына қол қойылды
Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін дамыту бойынша жол картасына қол қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2024
Жазылу
Құжат дәліздің өткізу қабілетін 2030 жылға қарай 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Парсы шығанағы порттарында терминалы бар және одан әрі Үндістанға шығатын "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізі ел экономикасы локомотивтерінің біріне айналуы мүмкін. Бұл туралы Ақтауда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өтіп жатқан "Солтүстік-Оңтүстік" бірінші көліктік сауда-экспорттық форумында айтылды.
Осы маршрутты дамыту үшін бүгін Иран, Түрікменстан және Ресеймен 2024-2025 жылдарға арналған "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің шығыс маршрутының әлеуетін синхронды дамыту бойынша жол картасына қол қойылды, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Осы құжатты іске асыру 2027 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 15 млн тоннаға дейін, ал 2030 жылға қарай 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
"Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран аумақтары арқылы өтетін "Солтүстік-Оңтүстік" ХКД Шығыс бағытының әлеуетін ілеспе дамыту бойынша бүгін қол қойылған Жол картасын іс жүзінде іске асыруға кірісу қажет",- деп атап өтті Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев.
19-20 шілде аралығында өтетін форумға 12 елден (Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Ресей, Беларусь, Түрікменстан, БАӘ, Иран, Ирак, Оман, Өзбекстан) 440-тан астам қатысушы, экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өкілдері қатысып жатыр.
Форум теміржол және автомобиль жолдарын, сондай-ақ "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізінің негізгі қатысушылары үшін порттарды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң ретінде қызмет етеді.
Жаңалықтар
0