"Самұрық-Қазына" қоры таза пайданың не себепті азайғанын түсіндірді

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына"Фонд "Самрук-Казына"
Фонд Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2024
Жазылу
Қордың таза пайдасы 12 процентке азайған
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы 2023 жылдың қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, қордың кірісі 15,4 трлн теңгеге ұлғайды, бірақ таза пайдасы 12 процентке азайған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Айдар Рысқұловтың айтуынша, бір жылдың ішінде қордың активтері 10 проценкте, ал кірісі 4 процентке өсті. Оған негізгі өндірістік көрсеткіштер әсер етті. Олар:
уранды өндіру көлемі – 18,1 мың тонна (+10,4%);
теміржол арқылы жүк айналымының көлемі – 262,4 млрд. тонна/км (+7%-ға);
мұнайды және газ конденсатын өндіру – 23,5 млн тонна (+6,8%);
табиғи газды өндіру көлемі – 24,1 млрд текше метр (+6,1%);
жолаушылар тасымалы – 8,7 млн адам (+10,1%);
Алайда қордың таза пайдасы 12 процентке азайды. Оған мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі әсер еткен.
"Былтыр мұнай бағасы 17 процентке, баррель үшін 99 доллардан 82,3 долларға дейін төмендеді. Дәл осы жағдай таза пайданың азаюына әсер етті. Ал қорға кіретін компаниялар тобында "ҚазМұнайГаздың" кірісі 50 проценті құрап отыр", - деді Рысқұлов бүгінгі брифингте.
Бұдан бөлек, бірқатар жобалардың құны күрт түсіп кетті. Мәселен, "Жеңіс" кен орнында мұнай табылмады. Соның салдарынан дәл осы актив құнсызданды.
"Қорда жыл сайын өндірісте істейтін мамандарға жалақыны көтеріп отырады. Қазір қорда 260 мың адам жұмыс істейді. Басым бөлігі – өндірісте. Жалпы, жалақыны көтеруге 300 млрд теңге кетті. Ол да таза пайданың азаюына әсер етті", - деп атап көрсетті Рысқұлов.
Глава Фонда Самрук-Қазына встретился с Председателем Совета Директоров China National Petroleum Corporation, Дай Хоуляном - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Бектенов "Самұрық-Қазына" сатып алуларындағы Қазақстан үлесін 88%-ға жеткізуді тапсырды
Жаңалықтар
0