https://sputnik.kz/20240719/ridderdegi-zhylu-energetika-ortalygyn-zhangyrtu-zhumystary-qalay-zhurgizilip-zhatyr-45786975.html
Риддердегі жылу-энергетика орталығын жаңғырту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
Риддердегі жылу-энергетика орталығын жаңғырту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жылу орталығында 5,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат қазандық агрегаттарын жөндеуге, 280 млн астам қаражат – тарату құрылғысын қайта жаңартуға, тағы 2,7 млрд... 19.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-19T22:12+0500
2024-07-19T22:12+0500
2024-07-19T22:12+0500
жылу электр орталығы
риддер
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45780251_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_915a2b410c527062458e9796517231c9.jpg
АЛМАТЫ, 19 шілде - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Риддердегі жылу-энергетика орталығын жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Риддер ЖЭО-да жылыту маусымының басында 2 қазандық агрегатын іске қосу жоспарлануда, қалғандары температуралық кестеге сәйкес суық ауа райы басталғанда пайдалануға беріледі.Жұмыс аяқталғаннан кейін жылу көзінің тозуы 40%-ке дейін төмендейді. 2024 жылы энергетикалық инфрақұрылымды қайта жаңартуға 8,5 млрд теңге бөлінді: үкімет қаулысы бойынша резервтен шамамен 7,4 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге.Үкімет басшысына жылу желілерін жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны, биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталатыны туралы баяндалды.Жалпы ұзындығы 19 км 55 учаскеде 127 адам және 20 бірлік техника жұмылдырылды. Бүгінгі таңда өңірдің энергетикалық инфрақұрылымы 78,5% тозған. Әсіресе Риддер де тозудың "қызыл аймағына" жатады.Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тозу деңгейі 24,1%-ке дейін төмендейді деген болжам бар.Премьер-министр жылыту маусымының кедергісіз болуы үшін энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды жеделдетіп аяқтау қажеттігін атап өтті. Бүгінгі таңда инженерлік желілердің дайындығы 58,4%-ке, 32 орталықтандырылған қазандық – 51%-ке, гидроэлектростанциялар бойынша 69%-ке және 52% ЖЭО-ға жетеді."Мемлекет мұнда және тұтастай алғанда елдегі инфрақұрылымды жаңғыртуға үлкен қаражат салуда. Жұмыс қарқынын арттыру керек. Суық ауа райы басталғанда үйлер жылусыз қалуына немесе жылудың жеткіліксіз берілуіне жол бермеу керек. Сапаны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайларды сақтай отырып, кесте бойынша озып кету маңызды. Жүргізілген жаңғырту сапасы мен жұмыс тиімділігінің көрсеткіші жылыту маусымында белгілі болады", - деді Олжас Бектенов.Үкімет басшысы энергетика министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45780251_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1ba5894747752d2f733dc2e8b914e33e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, риддер
жылу электр орталығы, риддер
Риддердегі жылу-энергетика орталығын жаңғырту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
Жылу орталығында 5,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат қазандық агрегаттарын жөндеуге, 280 млн астам қаражат – тарату құрылғысын қайта жаңартуға, тағы 2,7 млрд теңге 19 км жылу желілерін жаңғыртуға жұмсалды
АЛМАТЫ, 19 шілде - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Риддердегі жылу-энергетика орталығын жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Риддер ЖЭО-да жылыту маусымының басында 2 қазандық агрегатын іске қосу жоспарлануда, қалғандары температуралық кестеге сәйкес суық ауа райы басталғанда пайдалануға беріледі.
Жұмыс аяқталғаннан кейін жылу көзінің тозуы 40%-ке дейін төмендейді. 2024 жылы энергетикалық инфрақұрылымды қайта жаңартуға 8,5 млрд теңге бөлінді: үкімет қаулысы бойынша резервтен шамамен 7,4 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге.
"5,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат қазандық агрегаттарын жөндеуге, 280 млн-нан астамы – тарату құрылғысын (ОРУ) реконструкциялауға, тағы 2,7 млрд теңге 19 км жылу желілерін жаңғыртуға бағытталды", - деп жазылған хабарламада.
Үкімет басшысына жылу желілерін жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны, биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталатыны туралы баяндалды.
Жалпы ұзындығы 19 км 55 учаскеде 127 адам және 20 бірлік техника жұмылдырылды. Бүгінгі таңда өңірдің энергетикалық инфрақұрылымы 78,5% тозған. Әсіресе Риддер де тозудың "қызыл аймағына" жатады.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тозу деңгейі 24,1%-ке дейін төмендейді деген болжам бар.
Премьер-министр жылыту маусымының кедергісіз болуы үшін энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды жеделдетіп аяқтау қажеттігін атап өтті. Бүгінгі таңда инженерлік желілердің дайындығы 58,4%-ке, 32 орталықтандырылған қазандық – 51%-ке, гидроэлектростанциялар бойынша 69%-ке және 52% ЖЭО-ға жетеді.
"Мемлекет мұнда және тұтастай алғанда елдегі инфрақұрылымды жаңғыртуға үлкен қаражат салуда. Жұмыс қарқынын арттыру керек. Суық ауа райы басталғанда үйлер жылусыз қалуына немесе жылудың жеткіліксіз берілуіне жол бермеу керек. Сапаны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайларды сақтай отырып, кесте бойынша озып кету маңызды. Жүргізілген жаңғырту сапасы мен жұмыс тиімділігінің көрсеткіші жылыту маусымында белгілі болады", - деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы энергетика министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.