Көліктерді заңсыз есепке қойғандар 1,5 млрд теңге шығын келтірген

© PhotoГлава Минцифры ознакомился с работой спецЦОНа и сделал тест-драйв по новым правилам вождения
Глава Минцифры ознакомился с работой спецЦОНа и сделал тест-драйв по новым правилам вождения - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2024
Жазылу
Олар мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірген
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көліктерді заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады.
"Олар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көліuін бастапқы тіркеуге заңсыз қоюды жүзеге асырғаны анықталды",- делінген агенттік хабарламасында.
Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген.
Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам залалға әкеп соқтырды.
Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлікке тыйым салынды, күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" және "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.
Жаңалықтар
0