https://sputnik.kz/20240719/aqtobe-soty-ariptesin-pyshaqtagan-politseydi-turmege-zhappady-45792827.html
Ақтөбе соты әріптесін пышақтаған полицейді түрмеге жаппады
Ақтөбе соты әріптесін пышақтаған полицейді түрмеге жаппады
Sputnik Қазақстан
Прокурор бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған болатын 19.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-19T22:49+0500
2024-07-19T22:49+0500
2024-07-19T22:49+0500
ақтөбе облысы
полиция
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Екі полицей арасындағы жанжал осы жылдың сәуір айында болған, деп хабарлады "Мой город".Жәбірленуші Ақтөбе облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Сапарбек Мырзакелдиевтің тапсырманы орындамағанын басшылыққа хабарлаған. Бұл сотталушыға ұнамаған. Мырзакелдиев пышақты алып, жәбірленушінің кеуде қуысына екі рет сұққан, сол арқылы жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.Сотталушы өзі кінәсін толық мойындап, өкінді. Прокурор Мырзакелдиевті 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ сот төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы жеткілікті деп тапты.Айтпақшы, сотталушы "майор" арнайы атағынан да айырылды. Сондай-ақ ол жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуі керек.Сот кішкентай балаларының болуын, жәбірленушіге медициналық көмек көрсетуін, мүліктік залалды ерікті түрде өтегенін, моральдық зиянды өтеп, шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырлы. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай – антты бұзу.Жәбірленуші бұзақыны кешіріп, моральдық және материалдық шығынды өтегенін, сондықтан оған талап-арызының жоқ екенін айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.
https://sputnik.kz/20240328/mangystauda-buryngy-politsey-bes-zhylga-sottaldy-43260541.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, полиция
Ақтөбе соты әріптесін пышақтаған полицейді түрмеге жаппады
Прокурор бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған болатын
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Екі полицей арасындағы жанжал осы жылдың сәуір айында болған, деп хабарлады "
Мой город".
Жәбірленуші Ақтөбе облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Сапарбек Мырзакелдиевтің тапсырманы орындамағанын басшылыққа хабарлаған. Бұл сотталушыға ұнамаған. Мырзакелдиев пышақты алып, жәбірленушінің кеуде қуысына екі рет сұққан, сол арқылы жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.
Сотталушы өзі кінәсін толық мойындап, өкінді. Прокурор Мырзакелдиевті 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ сот төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы жеткілікті деп тапты.
Айтпақшы, сотталушы "майор" арнайы атағынан да айырылды. Сондай-ақ ол жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуі керек.
Сот кішкентай балаларының болуын, жәбірленушіге медициналық көмек көрсетуін, мүліктік залалды ерікті түрде өтегенін, моральдық зиянды өтеп, шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырлы. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай – антты бұзу.
Жәбірленуші бұзақыны кешіріп, моральдық және материалдық шығынды өтегенін, сондықтан оған талап-арызының жоқ екенін айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.