https://sputnik.kz/20240719/almatyda-qogamdyq-kolikte-zhol-zhuru-aqysy-qymbattady-45770207.html
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Жол жүру құны 120 теңге болады 19.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-19T13:03+0500
2024-07-19T13:03+0500
2024-07-19T13:33+0500
алматы
автобус
https://sputnik.kz/img/1012/10/10121004_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_73d602eef998fe9a0833d2a1e9f8a407.jpg
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Алматы мәслихаты жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады.Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бағаның өсуін қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының қымбат болуымен түсіндірді.Экологиялық таза көлікті көбейту үшін 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ке дейін арттырады.
https://sputnik.kz/20240220/astanada-zhol-zhuru-aqysy-qymbattaydy-42406346.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1012/10/10121004_292:0:1253:721_1920x0_80_0_0_2ad4903a61d9f3f3fb72f4fe74f9d3fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады
13:03 19.07.2024 (жаңартылды: 13:33 19.07.2024) Жол жүру құны 120 теңге болады
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Алматы мәслихаты жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады.
Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бағаның өсуін қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының қымбат болуымен түсіндірді.
"Тасымалдаушылардың нақты шығыны 310 теңгеден асады, кейбір маршрутта 400 теңгеден асады. Осыған байланысты әкімдік әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялайды. Қабылданған шаралар 2024 жылы субсидиялар сомасын 7 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуге оң әсер етеді", - деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы.
Экологиялық таза көлікті көбейту үшін 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ке дейін арттырады.