Қызылорда облысында су қоймасы салынады

© Photo : Министерство транспорта РКСтроительство моста через Бухтарминское водохранилище
Строительство моста через Бухтарминское водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2024
Жазылу
Министрлік су торабын да салуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды су ресурстары министрлігі.
Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін министрлік Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті.
Бұл туралы Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын кешенді реконструкциялау жоспарлануда.
Ал 2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы "Келінтөбе" магистральдық каналы мен Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіне Сырдария өзенінен су жіберу үшін қосымша каналдар салу жоспарда бар.
"Бұл іс-шаралар облыстың ауыл шаруашылығын суармалы сумен неғұрлым тиімді қамтамасыз ету үшін және өңірдің су нысандарын сақтауға қажет", - деді Нұржігітов.
Жаңалықтар
0