https://sputnik.kz/20240718/qazaqstanda-en-kop-zeynetaqy-alatyn-adam-qay-salada-zhumys-istegen-45746771.html
Қазақстанда ең көп зейнетақы алатын адам қай салада жұмыс істеген
Қазақстанда ең көп зейнетақы алатын адам қай салада жұмыс істеген
Sputnik Қазақстан
Мамыр айында оның зейнетақысы 945 752 мың теңгеге дейін өсті 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T16:12+0500
2024-07-18T16:12+0500
2024-07-18T16:12+0500
зейнетақы
зейнеткер
зейнет жасы
зейнетақы жинағы
зейнетақы қоры
базалық зейнетақы
https://sputnik.kz/img/313/55/3135527_0:26:1281:746_1920x0_80_0_0_dc1306b1ba282926476c6fb7d2f03280.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Бірыңғай зейнетақы қоры өз есебін жариялаған сайын бір айлық төлемнің жоғары мөлшерін де көрсетеді. Оған сәйкес, Қазақстандағы ең бай зейнеткер қордан ай сайын 1 миллион теңгеге жуық ақша алады. Бұдан бөлек, мемлекеттен төленетін базалық зейнетақы бар. Sputnik Қазақстан қай саланың мамандары ең жоғары зейнетақы алатынын зерделеп шықты.Статистика не дейді?Қазақстанда бірнеше салада жалдамалы жұмысшылар 1 миллионнан артық жалақы алады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың алты саласында жоғары жалақы тіркелген. Олар:Мәселен, былтыр соңғы төрт айдың ішінде әлеуметтік сақтандыру саласында жалақының көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.Миллиондап ақша алатындар кім?Миллиондап ақша алатын мамандықтардың ішінде сауда компаниясының басқарма төрағасы (5,8 млн), тасымалдау саласындағы инженер (5 млн), қаржы және сақтандыру компаниясының атқарушы директоры (4,8 млн), құрылыс саласындағы коммерциялық директор (4,7 млн), әуе көлігі мен халықаралық қатынастар бойынша маман (4,5 млн) мен мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) бар.Ең жоғары жалақы мұнай саласында тіркелген. Мәселен, мұнай өндіру компаниясының корпоративті хатшысы айына 2,2 млн теңге алады. Бұдан бөлек, ауызекі тілдің аудармашысы (1,8 млн), диспетчер-оператор (2 млн), маркетолог (1,5 млн) және сауда агенті (1,3 млн) жоғары жалақы алады. Олардың айлығы министрлермен бірдей болды. 2023 жылдың соңында министрлердің жалақысы 1,4 млн теңге, ал облыстық маңызы бар қалалардың басшылары 928,9 мың теңге алған.Қазақстандағы ең бай зейнеткер қай салада жұмыс істедіЭкономист Арман Байғановтың айтуынша, мемлекеттік қызметтен кейін ең жоғары зейнетақы алу мүмкін емес. Оны статистика да растап отыр."Бүгінде қаржы, тау-кен мен мұнай саласында ғана жоғары жалақы төленеді. Сосын ұлттық компанияларда топ-менеджерлер жақсы алады. Айына 5-10 миллион алса, зейнетақы қорына аударатын жарналары да көп болады. Сондай адамдар ғана зейнетке шыққасын қордан жоғары зейнетақы ала алады", - дейді Байғанов.Оның айтуынша, жекеменшік компанияларда жұмыс істейтін мамандардың жалақысы да жоғары болады. Олардың ішінде бірінші басшы, төраға, басқарушы директорлар бар."Мысалы, BI Group компаниясында инвестициялар басқармасының басшысы 3 млн алады. Оған бонустарды қосыңыз, 3-4 миллиондай шығады. Міне, осындай адамдар зейнетақыны да көп алады. Себебі зейнет жасқа дейін қорға біраз ақша жиналып қалады. Бірақ жоғары жалақыны тұрақты түрде алып тұру керек", - деп атап өтті экономист.Бұдан бөлек, сирек кездесетін мамандық бойынша жұмыс істейтіндер жоғары жалақы төленеді. Олардың ішінде IT мамандар бар. Ауыл шаруашылығында табысты бизнесті жолға қойған адамдар да зейнетақыға көп ақша жинайды.Ең бай зейнеткерБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сәйкес, былтыр жасына байланысты ай сайын берілетін зейнетақы төлемінің орташа мөлшері 29 973 теңге болған. Сол кезде бір адамға аударылған ең жоғары төлем 707 326 теңгені құрады.Биыл ай сайынғы орташа төлем 32 202 теңгеге дейін көтерілді. Ал ең бай зейнеткердің тек қордан алатын айлық төлемі 742 692 теңгеге жеткен. Мамыр айында оның зейнетақысы 945 752 мың теңгеге дейін өсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/313/55/3135527_55:0:1192:853_1920x0_80_0_0_6d26e5c09eceb0ce11001f0b4724b9a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, зейнеткер, зейнет жасы, зейнетақы жинағы, зейнетақы қоры, базалық зейнетақы
зейнетақы, зейнеткер, зейнет жасы, зейнетақы жинағы, зейнетақы қоры, базалық зейнетақы
Қазақстанда ең көп зейнетақы алатын адам қай салада жұмыс істеген
Мамыр айында оның зейнетақысы 945 752 мың теңгеге дейін өсті
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Бірыңғай зейнетақы қоры өз есебін жариялаған сайын бір айлық төлемнің жоғары мөлшерін де көрсетеді. Оған сәйкес, Қазақстандағы ең бай зейнеткер қордан ай сайын 1 миллион теңгеге жуық ақша алады. Бұдан бөлек, мемлекеттен төленетін базалық зейнетақы бар. Sputnik Қазақстан қай саланың мамандары ең жоғары зейнетақы алатынын зерделеп шықты.
Қазақстанда бірнеше салада жалдамалы жұмысшылар 1 миллионнан артық жалақы алады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың алты саласында жоғары жалақы тіркелген. Олар:
қаржы және сақтандыру қызметі;
міндетті әлеуметтік сақтандыру;
сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
бас компания мен басқару бойынша кеңес беру.
Мәселен, былтыр соңғы төрт айдың ішінде әлеуметтік сақтандыру саласында жалақының көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.
Миллиондап ақша алатындар кім?
Миллиондап ақша алатын мамандықтардың ішінде сауда компаниясының басқарма төрағасы (5,8 млн), тасымалдау саласындағы инженер (5 млн), қаржы және сақтандыру компаниясының атқарушы директоры (4,8 млн), құрылыс саласындағы коммерциялық директор (4,7 млн), әуе көлігі мен халықаралық қатынастар бойынша маман (4,5 млн) мен мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) бар.
Ең жоғары жалақы мұнай саласында тіркелген. Мәселен, мұнай өндіру компаниясының корпоративті хатшысы айына 2,2 млн теңге алады. Бұдан бөлек, ауызекі тілдің аудармашысы (1,8 млн), диспетчер-оператор (2 млн), маркетолог (1,5 млн) және сауда агенті (1,3 млн) жоғары жалақы алады. Олардың айлығы министрлермен бірдей болды. 2023 жылдың соңында министрлердің жалақысы 1,4 млн теңге, ал облыстық маңызы бар қалалардың басшылары 928,9 мың теңге алған.
Қазақстандағы ең бай зейнеткер қай салада жұмыс істеді
Экономист Арман Байғановтың айтуынша, мемлекеттік қызметтен кейін ең жоғары зейнетақы алу мүмкін емес. Оны статистика да растап отыр.
"Бүгінде қаржы, тау-кен мен мұнай саласында ғана жоғары жалақы төленеді. Сосын ұлттық компанияларда топ-менеджерлер жақсы алады. Айына 5-10 миллион алса, зейнетақы қорына аударатын жарналары да көп болады. Сондай адамдар ғана зейнетке шыққасын қордан жоғары зейнетақы ала алады", - дейді Байғанов.
Оның айтуынша, жекеменшік компанияларда жұмыс істейтін мамандардың жалақысы да жоғары болады. Олардың ішінде бірінші басшы, төраға, басқарушы директорлар бар.
"Мысалы, BI Group компаниясында инвестициялар басқармасының басшысы 3 млн алады. Оған бонустарды қосыңыз, 3-4 миллиондай шығады. Міне, осындай адамдар зейнетақыны да көп алады. Себебі зейнет жасқа дейін қорға біраз ақша жиналып қалады. Бірақ жоғары жалақыны тұрақты түрде алып тұру керек", - деп атап өтті экономист.
Бұдан бөлек, сирек кездесетін мамандық бойынша жұмыс істейтіндер жоғары жалақы төленеді. Олардың ішінде IT мамандар бар. Ауыл шаруашылығында табысты бизнесті жолға қойған адамдар да зейнетақыға көп ақша жинайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сәйкес, былтыр жасына байланысты ай сайын берілетін зейнетақы төлемінің орташа мөлшері 29 973 теңге болған. Сол кезде бір адамға аударылған ең жоғары төлем 707 326 теңгені құрады.
Биыл ай сайынғы орташа төлем 32 202 теңгеге дейін көтерілді. Ал ең бай зейнеткердің тек қордан алатын айлық төлемі 742 692 теңгеге жеткен. Мамыр айында оның зейнетақысы 945 752 мың теңгеге дейін өсті.