https://sputnik.kz/20240718/qazaqstanda-aviaotyn-qashan-ondirile-bastaydy--energetika-ministrligi-zhauap-berdi-45755654.html
Қазақстанда авиаотын қашан өндіріле бастайды – энергетика министрлігі жауап берді
Қазақстанда авиаотын қашан өндіріле бастайды – энергетика министрлігі жауап берді
Sputnik Қазақстан
Экологиялық таза авиаотынның басты артықшылығы көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтады 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T20:29+0500
2024-07-18T20:29+0500
2024-07-18T20:39+0500
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109589_0:126:3193:1922_1920x0_80_0_0_222a9c80fe895e339955df05b6c9b2f7.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" биологиялық материалдарды пайдалану арқылы отын өндіретін жоба әзірлеп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен республиканың экологиялық таза авиаотыны қашан өндірілетінін нақтылады.Министр қазіргі уақытта әлемде көміртегін азайту және биомассаны түрлі отындар, соның ішінде авиаотын өндіру үшін пайдалану ерекше маңызға ие болып отырғанын айтты.Оның айтуынша, SAF-ты (тұрақты авиация отыны) пайдалану авиацияның қоршаған ортаға әсерін азайтады. Авиация барлық көміртегі шығарындысының шамамен 2%-ін құраса да, мүмкіндігінше шығарындыны азайту маңызды. Қазіргі уақытта авиация өнеркәсібі сұйық отынға тәуелді. Сондықтан сұйық отыннан болатын зиянды барынша азайту керек. SAF-тің басты артықшылығы көміртегі шығарындысы азаяды.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен "Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын" бекітті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109589_231:0:2962:2048_1920x0_80_0_0_6eea17604349978ea31c97e5159feff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз
Қазақстанда авиаотын қашан өндіріле бастайды – энергетика министрлігі жауап берді
20:29 18.07.2024 (жаңартылды: 20:39 18.07.2024) Экологиялық таза авиаотынның басты артықшылығы көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтады
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" биологиялық материалдарды пайдалану арқылы отын өндіретін жоба әзірлеп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен республиканың экологиялық таза авиаотыны қашан өндірілетінін нақтылады.
Министр қазіргі уақытта әлемде көміртегін азайту және биомассаны түрлі отындар, соның ішінде авиаотын өндіру үшін пайдалану ерекше маңызға ие болып отырғанын айтты.
"Қазмұнайгазда отын өндіру үшін биологиялық материалдарды пайдалануды көздейтін пилоттық жоба бар. Қазір жоба алдын-ала әзірлеу және зерттеу сатысында. Жобаны акционерлер мақұлдады, біз нәтижені күтеміз", - деп жауап берді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, SAF-ты (тұрақты авиация отыны) пайдалану авиацияның қоршаған ортаға әсерін азайтады. Авиация барлық көміртегі шығарындысының шамамен 2%-ін құраса да, мүмкіндігінше шығарындыны азайту маңызды. Қазіргі уақытта авиация өнеркәсібі сұйық отынға тәуелді. Сондықтан сұйық отыннан болатын зиянды барынша азайту керек. SAF-тің басты артықшылығы көміртегі шығарындысы азаяды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен "Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын" бекітті.