https://sputnik.kz/20240718/oralda-atom-elektr-stantsiyasyn-salu-zhospary-talqylandy-45758548.html
Оралда атом электр станциясын салу жоспары талқыланды
Оралда атом электр станциясын салу жоспары талқыланды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдум қарсаңындағы қоғамдық талқылаулар жалғасып жатыр 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T21:28+0500
2024-07-18T21:28+0500
2024-07-18T21:28+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_0:176:3019:1874_1920x0_80_0_0_2af94dcf586ce55e3fa035544af91e6a.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Орал қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспары талқыланды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Экологиялық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар АЭС құрылысы туралы өз пікірін бөлісті және спикерлермен оның қоршаған ортаға әсері мәселелерін талқылады.Кейбір қатысушыларды пайдаланылған ядролық отынды қайта кәдеге жарату және сақтау, атом электр станцияларын салу және оларға техникалық қызмет көрсету үшін мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, АЭС салушы компанияны таңдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және осынау ауқымды жоба асыру аясында туындайтын басқа да әлеуметтік-экономикалық аспектілер қызықтырды.Ал аудандық БАҚ өкілі Мария Пирог кез келген резервтік баламалы энергия көзін қолдайтынын атап өтті."Мен 90-шы жылдары өскен адаммын. Бірақ сол кезде басқа жағдайлар, басқа өмір болды. Қыста біздің қалада бораннан кейін бірнеше күнге жарық сөніп қалды, сондықтан су да, жылу да болмады. Біз мұндай жағдайда өмір сүру қаншалықты қиын екенін көрдік. Сондықтан, егер біз жақын арада электр қуатының жетіспеушілігін болжасақ және ештеңе жасамасақ, бұл қорқынышты болады. Мен экологиялық нормаларды сақтай отырып АЭС салуды қолдаймын", - деді Мария Пирог."Қазір біз электр энергиясына қатты тәуелдіміз. Белсенді цифрландыру жүріп жатыр, гаджеттер мен мысалы, egov сияқты порталдарды пайдалану үшін бізге электр қуаты қажет", - деп толықтырды ол.Шақырылған сарапшылар болса, алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтті, атом электр станцияларын салу үшін қарастырылып жатқан технологиялар – 3 немесе 3+ буын реакторлары – қауіпсіздіктің барлық талабына жауап береді және экономикалық көрсеткіштері жағынан әлдеқайда жақсартылған. Ал бұл дәстүрлі жылу электр станцияларымен салыстырғанда, атмосфераға CO2 шығарындыларын аз мөлшерде бөлінуін және радиациялық фонның болмауын білдіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_143:0:2874:2048_1920x0_80_0_0_4c3afcc94b77b8c1b69df2fdc54e50ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Оралда атом электр станциясын салу жоспары талқыланды
Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдум қарсаңындағы қоғамдық талқылаулар жалғасып жатыр
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Орал қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспары талқыланды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Экологиялық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар АЭС құрылысы туралы өз пікірін бөлісті және спикерлермен оның қоршаған ортаға әсері мәселелерін талқылады.
Кейбір қатысушыларды пайдаланылған ядролық отынды қайта кәдеге жарату және сақтау, атом электр станцияларын салу және оларға техникалық қызмет көрсету үшін мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, АЭС салушы компанияны таңдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және осынау ауқымды жоба асыру аясында туындайтын басқа да әлеуметтік-экономикалық аспектілер қызықтырды.
"Жалпы, көптеген адам атом электр станциясының қауіптілігі туралы айтады. Алайда әлемнің көптеген елінде атом энергиясы белсенді қолданылады. Мысалы, Францияда барлық электр энергиясының 72% -ы атом электр станциялары өндіреді. Күн сайын жер сілкінісі болатын Жапонияда электр энергиясының 40%-ын атом электр станциялары өндіреді. Әлемдік нарыққа шығу үшін әлемдік жеткізушілер өз технологияларын сенімді етуге тырысады. Жаңа станциялардың сенімділігі мен беріктігі артып келеді, осыған байланысты Қазақстанда АЭС салу қажет болады. Осылайша, келесі бағыт атом энергиясын пайдалану болуы керек", - деп атап өтті зейнеткер эколог Орынбасар Тоғжанов.
Ал аудандық БАҚ өкілі Мария Пирог кез келген резервтік баламалы энергия көзін қолдайтынын атап өтті.
"Мен 90-шы жылдары өскен адаммын. Бірақ сол кезде басқа жағдайлар, басқа өмір болды. Қыста біздің қалада бораннан кейін бірнеше күнге жарық сөніп қалды, сондықтан су да, жылу да болмады. Біз мұндай жағдайда өмір сүру қаншалықты қиын екенін көрдік. Сондықтан, егер біз жақын арада электр қуатының жетіспеушілігін болжасақ және ештеңе жасамасақ, бұл қорқынышты болады. Мен экологиялық нормаларды сақтай отырып АЭС салуды қолдаймын", - деді Мария Пирог.
"Қазір біз электр энергиясына қатты тәуелдіміз. Белсенді цифрландыру жүріп жатыр, гаджеттер мен мысалы, egov сияқты порталдарды пайдалану үшін бізге электр қуаты қажет", - деп толықтырды ол.
Шақырылған сарапшылар болса, алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтті, атом электр станцияларын салу үшін қарастырылып жатқан технологиялар – 3 немесе 3+ буын реакторлары – қауіпсіздіктің барлық талабына жауап береді және экономикалық көрсеткіштері жағынан әлдеқайда жақсартылған. Ал бұл дәстүрлі жылу электр станцияларымен салыстырғанда, атмосфераға CO2 шығарындыларын аз мөлшерде бөлінуін және радиациялық фонның болмауын білдіреді.