Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мажарстан СІМ басшысы Зеленский өкілетінің заңдылығы туралы сұраққа жауап берді

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2024
Жазылу
Зеленскийдің өкілеттік мерзімі 20 мамырда аяқталды. Украинадағы президент сайлауы 31 наурызда, ал жаңадан сайланған бірінші адамның инаугурациясы мамырда өтуі керек еді
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Украиналықтар Владимир Зеленский өкілетінің аяқталған мерзімі Ресеймен қақтығысты реттеу туралы келіссөздерге кедергі бола ма, жоқ па, соны шешуі керек. Оның заңдылығы туралы мәселенің Будапештке қатысы жоқ, деді РИА Новостиге Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто.
"Бұны украиналықтар шешеді. Зеленский – Мажарстан президенті емес. Құдайға шүкір, бұл мәселе біздің күн тәртібімізде болмауы керек", - деді министр РИА Новости.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейдің аймақтары мәртебесін тануын, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау және денацификациялауды, Ресейге қарсы санкцияларды жоюды көздейтін жаңа бітімгершілік ұсыныстарын айтқан болатын. Киев бітімге келудің бұл талаптарын қабылдамады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Украинамен келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын түсіндірді. Алайда Киев келіссөздерге заңнамалық деңгейде тыйым салып, Мәскеудің бітімгершілік ұсыныстарын қабылдамады.
Киев билігі 15-16 маусымда Швейцарияда өткен Украина конференциясында өз ұсыныстарын талқылады, алайда Ресей сыртқы істер министрлігі саммит сәтсіз аяқталды деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Зеленскийдің өкілеттік мерзімі 20 мамырда аяқталды. Украинадағы президент сайлауы 31 наурызда, ал жаңадан сайланған бірінші адамның инаугурациясы мамырда өтуі керек еді.
Бірақ әскери жағдай мен жалпы мобилизацияны алға тартып, дауыс беру тоқтатылды. Зеленский қазір сайлау өткізетін "уақыт емес" деп мәлімдеп, бұл сұраққа нүкте қою керек екенін баса айтты.
Жаңалықтар
0