Халыққа берілетін тұтынушылық кредиттің шекті сомасы жарияланды

Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, банкте және микроқаржы ұйымында алынатын кредиттің нақты сомасы көрсетілген.
Банкте:
кепілсіз банктік қарыз – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 2 200 айлық есептік көрсеткіштен (2024 жылы – 8 122 400 теңгеден) аспайтын мөлшерде;
кепілдігі бар банктік қарыз – шектеусіз.
Микроқаржы ұйымында:
кепілсіз микрокредит - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 1 100 айлық есептік көрсеткіштен (4 061 200 теңгеден) аспайтын мөлшерде;
кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит – шектеусіз.
Жаңалықтар
0