https://sputnik.kz/20240718/alayaqtar-qlttyq-qauipsizdik-komiteti-atynan-qonyrau-shalyp-zhur--45737898.html
Алаяқтар ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан қоңырау шалып жүр
Алаяқтар ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан қоңырау шалып жүр
Sputnik Қазақстан
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпті қоңыраулар мен хабарламалар жайында ескертті 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T11:52+0500
2024-07-18T11:52+0500
2024-07-18T12:14+0500
ұлттық қауіпсіздік комитеті
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/old/292/07/2920738_0:54:1025:630_1920x0_80_0_0_e3b3754945dfd1afc01229e275c365ab.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтардың күштік құрылымдар мен ҰҚК атынан халықты жиі алдай бастағанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.Алаяқтар телефон шалып, өздерін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстарады, я болмаса, қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді.Ал заң бойынша ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға ешқандай өкілеттігі жоқ."Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатып, 102 телефоны бойынша полицияға жүгіну керек", - дейді мамандар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/292/07/2920738_56:0:967:683_1920x0_80_0_0_385bad05814ceb412928ccf521f0b212.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті, алаяқ, алаяқтық
ұлттық қауіпсіздік комитеті, алаяқ, алаяқтық
Алаяқтар ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан қоңырау шалып жүр
11:52 18.07.2024 (жаңартылды: 12:14 18.07.2024) Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпті қоңыраулар мен хабарламалар жайында ескертті
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтардың күштік құрылымдар мен ҰҚК атынан халықты жиі алдай бастағанын ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан комитеттің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтар телефон шалып, өздерін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстарады, я болмаса, қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді.
"Азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді. ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары да жиі жіберіледі. Оның ішінде жалған қызметтік куәлік, хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері бар", - дейді комитет қызметкерлері.
Ал заң бойынша ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға ешқандай өкілеттігі жоқ.
"Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатып, 102 телефоны бойынша полицияға жүгіну керек", - дейді мамандар.