https://sputnik.kz/20240717/zhetisu-oblysynda-380-mln-tenge-para-suragan-bilim-boliminin-basshysy-sottaldy-45728323.html
Жетісу облысында 380 млн теңге пара сұраған білім бөлімінің басшысы сотталды
Жетісу облысында 380 млн теңге пара сұраған білім бөлімінің басшысы сотталды
Sputnik Қазақстан
Басшы параның қалған бөлігін талап еткенде, бухгалтер құқық қорғау органдарына арызданған 17.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-17T18:09+0500
2024-07-17T18:09+0500
2024-07-17T18:10+0500
білім
пара
https://sputnik.kz/img/1142/89/11428976_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_b3ae5aa9d6488d6504ba3ee6417983ab.jpg
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Жетісу облысында қызметкерінен пара сұраған білім бөлімінің басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Жоғарғы соІс Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралды.Бухгалтер мен оның сыбайластары 200 миллион теңге жинап, оны көлік жүргізушісі арқылы бөлім бастығына берген. Кейінірек басшы параның қалған сомасын талап еткенде, бухгалтер құқық қорғау органдарына жүгініп, басшы 80 миллион теңге пара алған кезде ұсталған.Сотталушының кінәсі дәлелденген. Прокурор сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, ал қорғаушы тарап соттан ақтауды сұрады. Алайда сотталушы кінәсін мойындамады.Сотталушы экс-білім басшысы ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1142/89/11428976_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_f0984ec5a8b66f4211da6208158a508c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім, пара
Жетісу облысында 380 млн теңге пара сұраған білім бөлімінің басшысы сотталды
18:09 17.07.2024 (жаңартылды: 18:10 17.07.2024) Басшы параның қалған бөлігін талап еткенде, бухгалтер құқық қорғау органдарына арызданған
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Жетісу облысында қызметкерінен пара сұраған білім бөлімінің басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Жоғарғы со
Іс Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралды.
"Бұрынғы білім бөлімінің бастығы бухгалтер мен оның екі сыбайласының ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғанын анықтаған. Өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ол бухгалтерден атқарып отырған лауазымын босатуды немесе қамқорлығы үшін 380 млн теңге пара беруді талап еткен", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бухгалтер мен оның сыбайластары 200 миллион теңге жинап, оны көлік жүргізушісі арқылы бөлім бастығына берген. Кейінірек басшы параның қалған сомасын талап еткенде, бухгалтер құқық қорғау органдарына жүгініп, басшы 80 миллион теңге пара алған кезде ұсталған.
Сотталушының кінәсі дәлелденген. Прокурор сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, ал қорғаушы тарап соттан ақтауды сұрады. Алайда сотталушы кінәсін мойындамады.
Сотталушы экс-білім басшысы ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.