Жаңаөзенде гибридті электр станциясы салынады

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"КМГ и Eni приступили к строительству гибридной электростанции в Жанаозене
КМГ и Eni приступили к строительству гибридной электростанции в Жанаозене - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
Жазылу
Гибридті жоба жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын біріктіріп өндіруді көздейді
АСТАНА, 17 шілде - Sputnik. Жаңаөзенде "ҚазМұнайГаз" мұнай-газ ұлттық компаниясы мен италиялық Eni өкілдері 247 мегаваттық гибридті электр станциясының капсуласын қойды.
Күн электр стансасының қуаты 50 МВт, жел электр стансасы – 77 МВт және газ электр стансасы – 120 МВт.
"Гибридті электр станциясы "Өзенмұнайгаз" АҚ және "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС қоса алғанда, өңірдегі "ҚазМұнайГаз"-дың еншілес компанияларына электр энергиясын тұрақты және сенімді түрде жеткізуді қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Бұл электр қуатының жиі үзілуінің кесірінен өндірістің апатты жағдайда тоқтау қаупінің алдын алмақ.
"ҚазМұнайГаз"-дың мәлеметінше, құрылыс жұмыстарына 800 адам жұмылдырылады, ал кәсіпорын іске қосылғанда 70-ке жуық маман жұмыспен қамтылады.
"ҚазМұнайГаз" және Eni есебінен инвестициялар тең бөлінеді.
"Гибридті жобада өндірілетін электр энергиясының шамамен 40%-ы толығымен "жасыл" энергияға жатады. Бұл көмірқышқыл газы шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылады, дейді компания.
Жаңалықтар
0