Шымкентте құны 5,9 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
Жазылу
Ол - кәсіпкер Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстары
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Шымкентте заңсыз иемденілген активтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.
Шымкент қаласының прокуратурасы биылғы жарты жылда экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акцияларды мемлекетке қайтарды.
"Азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстары сот арқылы мемлекетке қайтарылды. Құны 357,7 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік Шымкент қаласыныңмемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді", - дейді ведомство.
Қалалық прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар әлі де жалғасатынын айтты.
Жаңалықтар
0