https://sputnik.kz/20240717/sausaq-izi-men-genomdyq-tirkeudin-zhana-erezhesi-azirlendi-45730110.html
Саусақ ізі мен геномдық тіркеудің жаңа ережесі әзірленді
Саусақ ізі мен геномдық тіркеудің жаңа ережесі әзірленді
Sputnik Қазақстан
Төлқұжатқа өтініш берген кезде балалардың саусақ ізі алынады 17.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-17T20:03+0500
2024-07-17T20:03+0500
2024-07-17T21:39+0500
саусақ ізі
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41348667_0:0:3148:1770_1920x0_80_0_0_c66e4a1f3aaf80911a646336c1383e0f.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Енді төлқұжат алу кезінде балалардың саусақ ізі алынады. Бұл жаңашылдық Ішкі істер министрлігі әзірлеген дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің жаңа ережелерінде қарастырылған.Құжат 2024 жылдың 30 шілдесіне дейін қоғамдық талқылаудан өту үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.Ережеге сәйкес ішкі істер органдары саусақ ізі туралы ақпаратты жинайды:Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш беру; бірінші рет жүгінген кезде, сондай-ақ қалпына келтіру немесе ауыстыру жағдайларында: шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; азаматтығы жоқ адамның куәліктері; босқын куәліктері; жол жүру құжаты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41348667_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_44859a92fed5ca9c7560ee1c6af63e48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саусақ ізі
Саусақ ізі мен геномдық тіркеудің жаңа ережесі әзірленді
20:03 17.07.2024 (жаңартылды: 21:39 17.07.2024) Төлқұжатқа өтініш берген кезде балалардың саусақ ізі алынады
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Енді төлқұжат алу кезінде балалардың саусақ ізі алынады. Бұл жаңашылдық Ішкі істер министрлігі әзірлеген дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің жаңа ережелерінде қарастырылған.
Құжат 2024 жылдың 30 шілдесіне дейін қоғамдық талқылаудан өту үшін "
Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Ережеге сәйкес ішкі істер органдары саусақ ізі туралы ақпаратты жинайды:
1.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алуға, сондай-ақ оларды қалпына келтіруге немесе ауыстыруға алғаш рет өтініш білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2.
осы ереженің 11-тармағында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға өтініш берген кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар;
3.
он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш беру; бірінші рет жүгінген кезде, сондай-ақ қалпына келтіру немесе ауыстыру жағдайларында: шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; азаматтығы жоқ адамның куәліктері; босқын куәліктері; жол жүру құжаты.