Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 3%-ке артты

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
Жазылу
Биыл қаңтар-маусымда 23495,4 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Биыл қаңтар-маусымда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,8% болды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында – 0,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс 6,1%-ке өсті.
Әсіресе Ақтөбе, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында өндіріс көлемі едәуір артты.
Биыл қаңтар-маусымда 23495,4 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Химия өнеркәсібі – 5,3%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар – 14,8%, металлургия – 8,3%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 30,3%, машина жасау – 9,4% артты.
Өндіріс көлемі республиканың 15 өңірінде өскен. Ал Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында өндіріс көлемі керісінше төмендеген.
Жаңалықтар
0