https://sputnik.kz/20240717/qazaqstan-quramasy-xxxiii-zhazgy-olimpiada-oyyndaryna-attandy-45720326.html
Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды
Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды
Sputnik Қазақстан
Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынайды 17.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-17T15:19+0500
2024-07-17T15:19+0500
2024-07-17T15:19+0500
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45718767_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2cbdda88ff7007a2e7e84c28cd3d4e78.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады.Айта кетері, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.Ресми іс-шарада Ермек Маржықпаев спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Министр бұл оқиғаның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.Ол Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарғанын атап өтті.Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Закиров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды.Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі Сена өзенінде өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45718767_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_96b06bba89123cc29c08939a1ba717cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары
Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды
Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынайды
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
"Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады.
Айта кетері, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.
Ресми іс-шарада Ермек Маржықпаев спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Министр бұл оқиғаның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
"Сіздердің алдыңызда елімізді Париж Олимпиадасында таныстыру, ел намысын абыроймен қорғау сияқты маңызды әрі өте жауапты міндет тұр", - деді Ермек Маржықпаев.
Ол Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарғанын атап өтті.
Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Закиров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі Сена өзенінде өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.