"Бірлік-2024" халықаралық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды
© Фото: МО Казахстана"Бірлік-2024" халықаралық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды
© Фото: МО Казахстана
Жазылу
Шараға төрт мың әскери қызметші, 700 қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды
АЛМАТЫ, 17 шілде - Sputnik. Маңғыстау облысында "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан делегацияларының басшылары мен әскери контингенттері қатысты.
Іс-шара Тоқмақ мүйісіндегі Каспий теңізінің қазақстандық секторында практикалық іс-қимылдарды пысықтаумен аяқталды.
"Оқу-жаттығу жоспарын іске асыру барысы нақты жауынгерлік жағдайларға жақын модельденді. Қайта топтастыру және біріккен әскерлер тобын құру мәселелері пысықталды. Тактикалық эпизодтарды орындау кезінде әртүрлі қару-жарақ пен әскери техника қолданылды, авиация, әскери-теңіз күштерінің кемелері, артиллериялық есептоптар, әуе қорғанысының зениттік-зымырандық кешендері, броньды және инженерлік техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды", – деді Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов.
© Фото: МО Казахстана"Бірлік-2024" халықаралық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды
"Бірлік-2024" халықаралық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды
© Фото: МО Казахстана
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов биыл құрлықта және теңізде өткізілген оқу-жаттығу тек ауқымымен ғана емес, сонымен қатар жеке құрамның кәсіби дайындық деңгейімен де ерекшеленетінін айтты.
"Қатысушы елдердің әскери контингенттері бір сапта жауынгерлік міндеттерді келісіп әрі шебер орындауға дайын екендіктерін дәлелдеді. Бірлескен оқу-жаттығу өз мақсатына қол жеткізді және қойылған міндеттер толық көлемде орындалды деп есептеймін", - деді ол.
Рәсім барысында Әзербайжан қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Гасанов, Қырғызстан қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов, Өзбекстан қорғаныс министрі генерал-лейтенант Баходир Құрбанов және Тәжікстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Саидасрор Саид Абдуллозода сөз сөйледі.
"Бірлік-2024" халықаралық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды
"Бірлік-2024" халықаралық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қатысушы елдер қорғаныс министрлерінің бұйрықтарымен бірқатар әскери қызметші халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін медальмен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, бірлескен маневрлер "Оймаша" оқу полигонында, Қарақия ауданының Тоқмақ мүйісінде және Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында өткізілді. Оған төрт мың әскери қызметші, 700-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.