"96 млн теңге жинаған": әлеуметтік желіде лотерея ойнатқан Шымкент тұрғыны сотталды

© Photo : Pixabay.com/KrediteДоллары
Доллары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
Жазылу
Қала тұрғыны тікелей эфирде екі аккаунттан "ЛОТО" ойнатқан
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында Instagram әлеуметтік желісінде лотерея ойнатқан қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Шымкенттік келіншек тікелей эфирде екі аккаунттан "ЛОТО" ойнатқан. Ал ұтысқа Toyota Land Cruiser Prado көлігін, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техниканы қойған.
Лотерея билеттерін сату бойынша да белсенді жарнама жүргізген. Мәселен, бір билет – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңгеге, 6 дана – 20000 теңгеге, 12 дана – 40000 теңгеге, ал 30 билет 100000 теңгеге сатылған.
2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асқан.
"Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің және туыстарының шотына жинаған", - дейді агенттік мамандары.
Сот үкімімен "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңды бұзған келіншекке 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Жаңалықтар
0