https://sputnik.kz/20240717/9-memlekettik-organnyn-derekter-bazasy-sapasyna-bagalau-zhurgiziledi--45711843.html
9 мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі
9 мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
Тоқаевқа әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы мәлімет берілді 17.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-17T12:18+0500
2024-07-17T12:18+0500
2024-07-17T12:21+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_ac12d8a3baf0ac575e4a26a37d3a3ef1.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаевқа әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ құрылымдық реформаларды одан әрі жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар таныстырылды.Агенттік төрағасы мемлекеттік статистика мен деректерді басқару негіздерін институционалдық тұрғыдан күшейту туралы баяндады.Оның айтуынша, Ұлттық статистика бюросына әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау өкілеттігі берілді. Жыл соңына дейін тоғыз мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі. Бұл әкімшілік дереккөздері үшін сапа стандарттары мен халықаралық әдістемені қолдануға көмегін тигізеді.Мемлекет басшысына агенттіктің әкімшілік және баламалы ақпарат көздерін белсенді пайдалануды ескере отырып, статистикалық қызметті қысқа мерзімді жоспарлаудан үш жылға дейінгі орта мерзімді жоспарлауға көшуі жөнінде айтылды.Жандос Шаймарданов аталған реформалар статистикалық есептілікті 2 есеге дейін азайтуға мүмкіндік беретінін және деректердің сапасы мен ресми статистикаға деген сенімді арттыратынын жеткізді.Кездесу соңында президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды жан-жақты пысықтаудың маңызды екеніне тоқталып, агенттік төрағасына осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5ac4421eb3917ba22683856f3e85a34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
9 мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі
12:18 17.07.2024 (жаңартылды: 12:21 17.07.2024) Тоқаевқа әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы мәлімет берілді
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаевқа әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ құрылымдық реформаларды одан әрі жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар таныстырылды.
Агенттік төрағасы мемлекеттік статистика мен деректерді басқару негіздерін институционалдық тұрғыдан күшейту туралы баяндады.
Оның айтуынша, Ұлттық статистика бюросына әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау өкілеттігі берілді. Жыл соңына дейін тоғыз мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі. Бұл әкімшілік дереккөздері үшін сапа стандарттары мен халықаралық әдістемені қолдануға көмегін тигізеді.
Мемлекет басшысына агенттіктің әкімшілік және баламалы ақпарат көздерін белсенді пайдалануды ескере отырып, статистикалық қызметті қысқа мерзімді жоспарлаудан үш жылға дейінгі орта мерзімді жоспарлауға көшуі жөнінде айтылды.
Жандос Шаймарданов аталған реформалар статистикалық есептілікті 2 есеге дейін азайтуға мүмкіндік беретінін және деректердің сапасы мен ресми статистикаға деген сенімді арттыратынын жеткізді.
Кездесу соңында президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды жан-жақты пысықтаудың маңызды екеніне тоқталып, агенттік төрағасына осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.