Жылдық инфляция бәсеңдеді: Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа есеп берді
12:07 16.07.2024 (жаңартылды: 12:13 16.07.2024)
© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Сүлейменов бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова
© Пресс-служба президента Казахстана
Тимур Сүлейменов:
Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді;
Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады;
жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды;
Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.