Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевДомик и монетки тенге
Домик и монетки тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Жазылу
"Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Біржолғы зейнетақы жинағын тұрғын-үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан құрылыс және өнеркәсіп министрлігіне сілтеме жасап.
13 шілдеде министрдің бұйрығымен 2021 жылғы 21 қаңтардағы №24 индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын-үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану қағидасына өзгеріс енгізіліп отыр.
"Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыға және (немесе) жақын туыстарына беруге болады. Бірақ мұндай салымды одан әрі үшінші тұлғалардың атына аударуға тыйым салынған.
Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Екі айда зейнетақы жинағы 641 млрд теңгеге көбейді – БЖЗҚ
Жаңалықтар
0