Тауар газының бағасы 14,6%-ға өсті

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области Оборудование газовых сетей
Оборудование газовых сетей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Жазылу
Бұл Энергетика министрлігі бекіткен тарифті өзіндік құнның орташа көрсеткішіне жақындату үшін жасалды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстанда 1 шілдеден бастап ішкі нарықта газды көтерме саудада сатудың шекті бағасы орта есеппен 14,6%-ға көтерілді, деп хабарлады энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Бұл Энергетика министрлігі бекіткен тарифті өзіндік құнның орташа көрсеткішіне жақындату үшін жасалды.
"Тауар газының орташа өіндік құны 1000 текше метр үшін 33 169 теңге, бекітілген көтерме баға 23 646 теңге", - деді министр.
Алдағы үш жылда Энергетика министрлігі "ішкі нарықта газды шығынсыз сатуға қол жеткізуді" жоспарлап отыр.
Бұған дейін ведомство сұйытылған мұнай газының бағасы көтерілетінін хабарлаған болатын, оның бірқатар себебі бар.
"Сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндіру құнынан әлдеқайда төмен. Өзіндік құн тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін барады, ал өндіруші зауыттар үшін қазіргі шекті баға тоннасына 40 мың теңге болып бекітілген", - деп атап өтті министрлік.
Министрлік осы себепті зауыттар сұйытылған мұнай газын өндіруге қызығушылық танытпай жатқанын, ал инвесторлар салаға инвестиция салғысы келмейтінін айтады.
Болжамға сәйкес, 2024 жылдың өзінде ішкі нарықтағы тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 миллион тонна болады. Бұл ретте газ тапшылығы 30-40 пайызға жетуі мүмкін.
Жаңалықтар
0