Астанада жаңа автобус бағдары іске қосылады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Жазылу
Жыл басынан бері елордада төртінші жаңа бағдар іске қосылғалы отыр. Бұған дейін №42, 55, 58 автобустары жолға шықты
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Астанада теміржол вокзалынан "Жағалау" тұрғын үй кешеніне дейін қатынайтын жаңа автобус бағдары іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа бағдар 63-ші нөмірмен жолға шығады. Автобустар теміржол вокзалынан "Жағалау" тұрғын үй кешеніне (Ә. Бөкейхан ат. Binom мектебі) қатынаайды. Сол екі арада Агротехникалық және медициналық университеттер, "Керуен сити" ойын-сауық орталығы, Астаналық базар, "Тұлпар" сауда үйі, , "Шапағат", "Әсем" және "Сарыарқа" сауда үйлері арқылы өтеді.
"Жаңа бағдарға 10 автобус шығарылады. Олар 10-15 минут сайын жүреді. "Қозғалыс сызбасын бағдарды іске қосу күніне жақындағанда хабарлаймыз", - дейді CTS компаниясының мамандары.
Айта кетері, осымен жыл басынан бері Астанада төртінші жаңа бағдар іске қосылғалы отыр. Бұған дейін №42, 55, 58 автобустары жолаушыларды тасымалдауға шықты.
Жаңалықтар
0