https://sputnik.kz/20240716/astana-aleumettik-ekonomikalyq-damu-korsetkishteri-boyynsha-kosh-bastady-45663396.html
Астана әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көш бастады
Астана әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көш бастады
Sputnik Қазақстан
Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды 16.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-16T08:37+0500
2024-07-16T08:37+0500
2024-07-16T08:38+0500
елорда тынысы
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d40091b9e9bdf52ababb68b0b85b4b5a.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik.2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Астана әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Негізгі көрсеткіштерді талдау экономиканың түрлі секторларында тұрақты өсуді және стратегиялық бастамаларды тиімді іске асыруды айғақтайды. Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды.Бірінші жартыжылдықтағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112%-ды құрады. Өнеркәсіп саласында да айтарлықтай өсім байқалады: өнім көлемі 13,1 пайызға артып, 1 трлн теңгеден асты. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім - 16,5%.Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 6,5 пайызға артты, салада 234 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.Елорда экономикасына инвестициялардың өсуі байқалады. Ол 13,2 пайызды құрап, 632 млрд теңгеге жетті. Жеке инвестициялар 13,9 пайызға өсті, бұл қаланың инвестициялық климатына деген сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Бөлшек тауар айналымының көлемі 1 трлн 114 млрд теңге, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7 пайызға көп.Аталған көрсеткіштер елорданың дамуындағы оң үрдістерді көрсетеді және одан әрі стратегиялық жоспарлау мен қаланың орнықты дамуы бойынша негізгі міндеттерді іске асыру үшін негіз болады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_114:0:2845:2048_1920x0_80_0_0_843dfe986cdb124f6992ddd5a211a2db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астана әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көш бастады
08:37 16.07.2024 (жаңартылды: 08:38 16.07.2024) Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik.2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Астана әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Негізгі көрсеткіштерді талдау экономиканың түрлі секторларында тұрақты өсуді және стратегиялық бастамаларды тиімді іске асыруды айғақтайды. Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды.
Бірінші жартыжылдықтағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112%-ды құрады. Өнеркәсіп саласында да айтарлықтай өсім байқалады: өнім көлемі 13,1 пайызға артып, 1 трлн теңгеден асты. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім - 16,5%.
Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 6,5 пайызға артты, салада 234 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Елорда экономикасына инвестициялардың өсуі байқалады. Ол 13,2 пайызды құрап, 632 млрд теңгеге жетті. Жеке инвестициялар 13,9 пайызға өсті, бұл қаланың инвестициялық климатына деген сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Бөлшек тауар айналымының көлемі 1 трлн 114 млрд теңге, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7 пайызға көп.
Аталған көрсеткіштер елорданың дамуындағы оң үрдістерді көрсетеді және одан әрі стратегиялық жоспарлау мен қаланың орнықты дамуы бойынша негізгі міндеттерді іске асыру үшін негіз болады.