https://sputnik.kz/20240716/70-meditsina-qyzmetkeri-zhauapqa-tartyldy-45669924.html
70 медицина қызметкері жауапқа тартылды
70 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Медициналық препараттарды пайдаланатын 831 кәсіпорын мен ұйым тексерілді 16.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-16T13:52+0500
2024-07-16T13:52+0500
2024-07-16T13:52+0500
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/81/77/817713_0:186:2641:1671_1920x0_80_0_0_fd48d7c127bdc31dd465f56c1251076b.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Полиция "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Polisia.kz.Тәртіп сақшылары медициналық препараттарды пайдаланатын 831 кәсіпорын мен ұйымды тексерді. Соның нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 303-бабы (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша 11 қылмыс анықталды. Әкімшілік жауапқа134 адам, соның ішінде 70 медицина қызметкері тартылды. Сақтау талаптары бұзылған 43 келіден астам есірткі және психотроптық зат, 5 мың дәрі және 20 мың ампула психобелсенді препараттар тәркіленді. Бұдан бөлек, сақтау объектілерінің лицензиялау және техникалық нығайту талаптары сақталмаған. Осыған байланысты 5 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.Сол сияқты Алматы қаласында медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі заттарын сақтау және жою ережелерін бұзу фактісі анықталды. 624 ампула промедол мен 825 ампула фентанил тәркіленді.Компанияның директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыс үшін 160 АЕК-ке (590 720 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/77/817713_0:0:2641:1980_1920x0_80_0_0_e805f3dd865619ec919ea0e8a72d3fe5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек
70 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Медициналық препараттарды пайдаланатын 831 кәсіпорын мен ұйым тексерілді
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Полиция "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары медициналық препараттарды пайдаланатын 831 кәсіпорын мен ұйымды тексерді. Соның нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 303-бабы (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша 11 қылмыс анықталды. Әкімшілік жауапқа134 адам, соның ішінде 70 медицина қызметкері тартылды. Сақтау талаптары бұзылған 43 келіден астам есірткі және психотроптық зат, 5 мың дәрі және 20 мың ампула психобелсенді препараттар тәркіленді. Бұдан бөлек, сақтау объектілерінің лицензиялау және техникалық нығайту талаптары сақталмаған. Осыған байланысты 5 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.
"Мәселен, тексеріс барысында Ақтөбе облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінің аумағында прекурсорлармен жұмыс жасау ережелері бұзылған 20 тоннадан астам күкірт қышқылы анықталды және тәркіленді", - дейді полицейлер.
Сол сияқты Алматы қаласында медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі заттарын сақтау және жою ережелерін бұзу фактісі анықталды. 624 ампула промедол мен 825 ампула фентанил тәркіленді.
Компанияның директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыс үшін 160 АЕК-ке (590 720 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.