Төтенше жағдай кезінде баспана беру тәртібіне өзгеріс енгізілді

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Жазылу
Төтенше жағдай салдарынан үйсіз қалған азаматтар әкімдікке бірнеше құжат тапсыруы тиіс
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Үкімет төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға баспана беру және зиянды өтеу ережесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде төтенше жағдай салдарынан үйсіз қалған азаматтар әкімдікке бірнеше құжат тапсыруы тиіс. Соның ішінде жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты, жер учаскесінің акті және баспана иесінің атында мүліктің бар-жоғын растайтын анықтама бар. Енді ондай анықтаманы өтініш берушінің жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары да ұсынуы қажет.

"Ал меншік иесінде, оның жұбайында(зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында уақытша (маусымдық) тұруға арналған бірнеше құрылыстар болған кезде құрылыстардың тек біреуі ғана өтелуге тиіс", - делінген құжатта.

Бұдан бөлек, табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйге ішінара зақым келген жағдайда жергілікті атқарушы орган техникалық тексеру және сметалық құжаттама негізінде оны қалпына келтіру тетіктерінің біреуі қолдана алады. Олар:
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлік ұйымды тарту;
жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтарға шығыстарды төлеу.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2024
Өңірлер
Батыс Қазақстанда 3 мыңнан астам саяжай үйін су басты
Жаңалықтар
0