Су шаруашылығы және ирригация университеті құрылады

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Жазылу
Оқу орны су шаруашылығы мен ирригация жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды тұрақты түрде даярлайды
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Тараз қаласында жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
"Үкімет "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта құру және оның негізінде екі ЖОО — "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын ("ТарУ" КеАҚ) және "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын ("ҚазҰСШИУ" КеАҚ) құру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Оқу орындары олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.
Осылайша, арнайы оқу орны су шаруашылығы мен ирригация жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды тұрақты түрде даярлайды.
ҚазҰСШИУ-да "Су шаруашылығы және мелиорация", "Геодезия және картография", "Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс", "Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері", "Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар" атты жаңа білім беру бағдарламалары енгізіледі.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа ЖОО студенттер қабылдай алады деп жоспарланып отыр.
ҚазҰСШИУ-ға 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді.
Білім беру цикліндегі жалпы контингент саны 4 000 білім алушыны құрайды.
Жаңалықтар
0