https://sputnik.kz/20240715/maskeude-rostislav-zhuravlevti-eske-aluga-arnalgan-memorialdyq-taqta-ashyldy-45660990.html
Мәскеуде Ростислав Журавлевті еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды
Мәскеуде Ростислав Журавлевті еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды
Sputnik Қазақстан
Мәскеуде Ростислав Журавлевті еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды 15.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-15T20:20+0500
2024-07-15T20:20+0500
2024-07-15T21:03+0500
мәскеу
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/07/0f/45660822_0:63:1376:836_1920x0_80_0_0_edb55c7b8b0f65016008f6446c7e3266.png
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Мәскеуде "Россия сегодня" медиа тобының ғимаратында майдан даласында қаза болған РИА Новости агенттігінің әскери тілшісі Ростислав Журавлевке арналған мемориалдық тақта ашылды."Бір жағынан, өте қайғылы, екінші жағынан, көңілге медеу болатын күн. Ростислав Журавлев біздің агенттік қабырғасына оралып, бізге жаңа қуат береді. Өкінішке орай, біз шығынға ұшырап жатырмыз. Алдымен әскери тілші Андрей Стенин қаза болды, біз Андрей Стенин атындағы халықаралық патриоттық ұлттық конкурсты құру арқылы оның есімін мәңгілікке қалдырдық. Ал бүгін Ростислав Журавлев атындағы стипендияны бекіттік, ол Мәскеу мемлекеттік университеті, Плеханов атындағы университет және Жоғары экономика мектепбі университеті журналистика факультетінің үздік студенттеріне беріледі", - деді ашылу салтанатында "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев.Оның айтуынша, бұл ұжым үшін өте маңызды, себебі Ростислав күнделікті жұмысқа келген әрбір журналистке қуат береді.Мемориалдық тақтаны мүсінші Иван Шелов-Коведяев пен Елена Елагина мәрмәр әктастан жасаған. Концепциясы мен дизайнын "Россия сегодня" медиа тобының қызметкерлері Игнат Петров пен Антон Степанов әзірлеген.Мемориалдық тақтада: "2023 жылдың шілдесінде РИА Новости әскери тілшісі, "Ерлік" орденінің кавалері Ростислав Игоревич Журавлев осы ғимараттан соңғы іссапарына аттанды" деп жазылған.Ростислав Журавлев - әскери журналист, саяси шолушы. Ол РИА Новостиде 2021 жылдан бері жұмыс істеді. Украинадағы қақтығыстың алғашқы күндері майдан даласына іссапармен барды.2023 жылы 22 шілдеде Украина қарулы күштерінің атқылауы кезінде қаза тапты.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/0f/45660822_87:0:1287:900_1920x0_80_0_0_2df7a58049e058b1caed5e602054c081.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу
Мәскеуде Ростислав Журавлевті еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды
20:20 15.07.2024 (жаңартылды: 21:03 15.07.2024) Мәскеуде Ростислав Журавлевті еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Мәскеуде "Россия сегодня" медиа тобының ғимаратында майдан даласында қаза болған РИА Новости агенттігінің әскери тілшісі Ростислав Журавлевке арналған мемориалдық тақта ашылды.
"Бір жағынан, өте қайғылы, екінші жағынан, көңілге медеу болатын күн. Ростислав Журавлев біздің агенттік қабырғасына оралып, бізге жаңа қуат береді. Өкінішке орай, біз шығынға ұшырап жатырмыз. Алдымен әскери тілші Андрей Стенин қаза болды, біз Андрей Стенин атындағы халықаралық патриоттық ұлттық конкурсты құру арқылы оның есімін мәңгілікке қалдырдық. Ал бүгін Ростислав Журавлев атындағы стипендияны бекіттік, ол Мәскеу мемлекеттік университеті, Плеханов атындағы университет және Жоғары экономика мектепбі университеті журналистика факультетінің үздік студенттеріне беріледі", - деді ашылу салтанатында "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев.
Оның айтуынша, бұл ұжым үшін өте маңызды, себебі Ростислав күнделікті жұмысқа келген әрбір журналистке қуат береді.
"Азаматтық, адамдық және кәсіби борышын тамаша орындаған адамға деген құрметіміздің белгісі ретінде мұнда әрқашан гүл қойып тұрамыз", - деп атап өтті Киселев.
Мемориалдық тақтаны мүсінші Иван Шелов-Коведяев пен Елена Елагина мәрмәр әктастан жасаған. Концепциясы мен дизайнын "Россия сегодня" медиа тобының қызметкерлері Игнат Петров пен Антон Степанов әзірлеген.
Мемориалдық тақтада: "2023 жылдың шілдесінде РИА Новости әскери тілшісі, "Ерлік" орденінің кавалері Ростислав Игоревич Журавлев осы ғимараттан соңғы іссапарына аттанды" деп жазылған.
Ростислав Журавлев - әскери журналист, саяси шолушы. Ол РИА Новостиде 2021 жылдан бері жұмыс істеді. Украинадағы қақтығыстың алғашқы күндері майдан даласына іссапармен барды.
2023 жылы 22 шілдеде Украина қарулы күштерінің атқылауы кезінде қаза тапты.