Мамырда 140 мыңға тарта автокөлік есепке қойылды

© Sputnik / Владислав ВодневЛьготное автокредитование
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Жазылу
Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 миллион 473,7 мыңға жетті
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. 2024 жылдың мамырында 137,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 14,4% кеміді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Оның ішінде тіркелген автобустар саны 3,3%, жеңіл автомобильдерде 15,2% және жүк автомобильдері 4,5% азайған.
"Осылайша 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 миллион 473,7 мыңға жетті, оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк және 2,1% – автобустар", - деп жазылған хабарламада.
Көліктердің басым көпшілігі, атап айтқанда 81,9%, бензинмен жүреді, тағы 7,1% дизельмен жүреді.
Экологиялық артықшылықтарға қарамастан, автомобильдердің тек 0,2%-ы газбен, тағы соншасы электр қуатымен жұмыс істейді. Бензин және басқа отын түрімен аралас автомобильдердің үлесі – 7,5%.
Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 3 229-дан 9 906 бірлікке дейін 3,1 есе өсті.
Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 5809 бірлік, Астана қаласында – 1252 бірлік және Алматы облысында – 466 бірлік.
Жаңалықтар
0