Кәсіпкер қайтыс болған жұмысшының отбасына 3 млн теңге төлеуге міндеттелді

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, деньги, купюры, банкноты
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Жазылу
Қордай ауданында жұмыс беруші еңбек шартының орнына қызмет көрсету шартын жасасу арқылы жауапкершіліктен жалтарғаны анықталды
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында кәсіпкер жұмыс орнында қайтыс болған қызметкердің отбасына өтемақы төлеуден жалтарған. Бірақ прокурорлар сот арқылы оны 3 млн теңгені төлеуге міндеттеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Прокурорлардың айтуынша, кейбір азаматтардың еңбек қатынастары саласында тиісті білімі жоқ. Соны қара ниетті жұмыс берушілер өзінің жеке мүддесі үшін пайдаланып жатады.
"Мәселен, Қордай ауданында жұмыс беруші еңбек шартының орнына қызмет көрсету шартын жасасу арқылы жұмысшының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершіліктен жалтару фактісі анықталды. Бұл схема жеке кәсіпкерге жұмыс орнында қаза болған жұмысшының отбасына өтемақы төлемеуге мүмкіндік берген", - дейді прокурорлар.
Аудандық прокуратура сотта еңбек қатынастары фактісін дәлелдеп берді. Соның негізінде қаза болған жұмысшының отбасына 3 млн теңге төленді.
Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшылар мен жұмыс беруші арасында еңбек шарты жасалуға міндетті. Бұл жұмысшыларға өзінің конституциялық құқығын қорғауға кепілдік береді.
Жаңалықтар
0