Ішкі істер министрлігі қанша полицей атқаратын қызметіне сай келмейтінін мәлімдеді

© Sputnik / Абзал КалиевФорма патрульных полицейских
Форма патрульных полицейских  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Жазылу
Полицейлердің 9%-ы атқаратын лауазымына сәйкес емес деп танылып, лауазымын төмендетуге немесе басқа қызметке ауыстыруға ұсынылды
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Биыл аттестациядан өтетін қызметкерлер алғаш рет президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тестілеу орталығының базасында заңнаманы білу және логикалық ойлау деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтеді, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
"Басшылық қызметтегі полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 1 сәуірде басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Бүгінгі таңда мыңнан астам қызметкер қаралды. 12%-ы кадрлық резервке алуға ұсынылды, ал 79% атқаратын қызметіне лайық деп танылды. 9%-ы атқаратын лауазымына сәйкес емес деп танылып, лауазымын төмендетуге немесе басқа қызметке ауыстыруға ұсынылды", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінде 1 сәуірде орта буын басшыларын кезектен тыс аттестациялау басталатыны хабарланған болатын.
Полиция қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығы нормативтерді тапсыру, компьютерлік тестілеу және жеке әңгімелесу кезінде тексеріледі.
Ішкі істер министрлігі 2024 жылды кадр әлеуетін арттыру жылы деп жариялады. Сондықтан орта буын басшылары (бұл Ішкі істер министрлігі жеке құрамының 6 пайызы ғана) кезектен тыс аттестациядан өтеді.
Полиция қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу біртіндеп жүргізіледі. Кезеңдер мыналарды қамтиды:
кәсіби жарамдылығын анықтау бойынша нормативтерді тапсыру - бұл физикалық және оқ ату даярлығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге ​​және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеу;
ал қорытынды кезең – орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары өткізетін әңгімелесу.
Жаңалықтар
0