Қазақстанда "Бауырластық шыңы – 2024" әскери оқу-жаттығулары басталды

© Константин Белявский, "Ваяр""Бауырластық шыңы - 2024" әскери оқу-жаттығуы
Бауырластық шыңы - 2024 әскери оқу-жаттығуы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2024
Жазылу
Оқу-жаттығулар барысында арнайы жасақ жауынгерлері таулы-шөлді аймақтарда іс-қимылдар жасайды
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялық күштерінің 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасында "Бауырластық шыңы – 2024" халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Беларусь қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Күні кеше арнайы операциялық күштердің жауынгерлері Қазақстандағы әскери аэродромға қонып, белорустарды нан және тұзбен қарсы алды", - делінген хабарламада.
Бұдан кейін "Бауырластық шыңы-2024" халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының ашылуына арналған салтанатты концерт өтті.
"Тақтал" полигонында өтетін оқу-жаттығуларға Беларусьтің арнайы операциялық жасақ сарбаздары қатысады. Жақын уақытта әскерилер полигонға дейін 300 шақырымдық марш жасап, оқу-жаттығу аясында жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындайды.
Оқу-жаттығулар барысында арнайы жасақ жауынгерлері таулы-шөлді аймақтарда іс-қимылдар жасайды.
Жаңалықтар
0